Экономика | Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз. Бітіру жұмысының мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын айқындау, саланың болашақ әлеуетін сараптау. Алға қойған мақсатқа сәкес келесідей міндеттер орындалады:
- ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми тұрғыда баға беріледі;
- саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен құқықтық құралдар зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады.
Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасының бірден-бір ерекшелігі оның жермен тікелей байланыстылығын ескерсек, тақырыптың зерттелінуі өте ертеден басталады деген пікір айтуға болады. Сөзімізді экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мектебінің «Байлықтың көзі – жер» деген пікірі дәлелдей түспек. Ауыл шаруашылығы экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф. Башмачников, А.Г. Аганбегян, П.Г. Галузо, С.В. Кисилев, А.Е. Булатов, О.К. Ястребова, И.Н. Буздалов, М.Д. Мацкуляк түбегейлі зерттеп ....
Курстық жұмыстар
Толық