Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі қыздардың еліктейтін тұлғаларын көріп, жүрегі ауыратынын айтты. Instagram парақшасындағы жазбасында ол заман талғамына сай қазақ қыздарының да үлгі алатын жандары өзгергенін жазып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Отандық журналист Тоқтар Жақаш танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына қатысты айтылып жатқан түрлі сындардың негізсіз екенін айтып, желіде жазба қалдырды. Ол Ләйлә мен оның кәсіпкер жарының басынан өткен қиындықтары туралы және жүргізушіні арнайы жалданған киллер өлтірмек болғанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қайрат Нұртастың туған жеріне қатысты ел арасында алып - қашпа әңгімелер жиі тарап жатады. Кейбір тыңдарман әншінің отбасы мен жары қарақалпақ ұлтынан деп ойлайды. Аталған болжамға Gakku арнасының "Follow Wars" бағдарламасында жауап берген әнші өзінің Қарақалпақстанға қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жұбайы, гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Натальямен ажырасып кеткенін ресми мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Атышулы продюсер жуырда екінің бірі бара бермейтін мюзикл жанрында "Сиситай" атты фильм түсіріліміне дайындықты бастады. Баян фильмде ән айтып қана қоймай, мың бұрала би билеп, дайындық жүргізіп жатқан видеосын желі парақшасында жүктеді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Желіде кеңінен тарап кеткен «Шымкенттің қыздары зың-зың-зың» әнінің ақтөбелік нұсқасын өзінің жеке парақшасына блогер Серік Әбдіжәми жүктеген, деп хабарлайды «Тілші».
Жуырда ғана "тыңдармандарымды елең еткізетін жаңалығым бар" деген Айгүл Иманбаеваның желіде сүйіктісімен түскен суреті пайда болды. Әншіні қапсыра құшақтап тұрған ер адамның түрін смайликпен жауып қойған, деп хабарлайды NUR.KZ.