Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында.....
Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны күннен күнге артуда. Қазірдің өзінде Қазақстанда 500-ден астам адам ауырып жатыр. Біздің қолдан келетін көмек үйден ешқайда шықпай, ұстаздар берген тапсырманы уақытылы орындап, тапсырып отыру. Үйден шығпауымыз, әрине, бірінші орында өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін, екіншіден үйде отырғанымыз өзіміз ауырып қалғанда басқа адамға .....
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Бере гөр, мына жастарға Ізет - абырой, бақ - дәулет. Береке орнап бақ қонсын, Баянды боп нақ қонсын. Талап қылса әрнеге, Тек жақсылык, тап болсын. Жастығы өтсін гүлдей боп, Төрт құбыласы бірдей боп. Бере көрме оларға, Жан төзгісіз бір бейнет. Жолдары болсын әманда, Пайдасы тисін қоғамға. Тәңірім өзі қолдаса, Бақ қонады адамға! Әумин!.....
Е, Құдайым, оңдасын, Мың саулығың қоздасын. Сегіз түйең боталап, Сегіз келін қомдасын.
*** Жүзге жетсін түйеңіз, Үш жүз болсын биеңіз! Әлдеріңнің келгенінше Жығылғанды көтеріп, Сүйенгенді сүйеңіз! Тарығып келген адамға, Бермесек, отқа күйеміз, Бергенді тым - ақ сүйеміз. Жомарттық қылып қолдасаң! Әрбір жерде жар болсын Бір жасаған - Иеміз!.....
Той дастарқаны мол болсын, Берекелі қол болсын, Тойға келген қонақтың, Бәріне сәтті жол болсын. Тілектерің оң болсын, Жұқармайтын қоң болсын, Екеуіңнің кигенің, Алтын жағалы тон болсын.
*** Құрметті той иесі, Ісіңді тағдыр оңдасын, Қайда жүрсең қолтықтап, Қыдыр бабаң қолдасын! Жамбылға ұқсап көп жаса, Денеңде дерт болмасын, Тойың тойға ұласып.....
Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім......
8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...
...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды. Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен......