Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Араб тілінің есімді және етістікті болымсыз сөйлемдер

Кіріспе
Бұл зерттеу жұмыстағы зерттеу нысаны араб әдеби тіліндегі болымсыз сөйлемдер болып табылады. Болымсыз сөйлем бұл жерде болымсыз пайымдаудың семантикалық– синтаксистік категориясысының бөлшегі ретінде қарастырылады. «Пайымдау – бір нәрсе жайында, біреу туралы пікір. Болымсыздық ұғымы бір нәрседен бір нәрсені жоққа шығару туралы пікір». Бір нәрсеге тән құбылыс жоққа шығарылып айтылуы мүмкін, ал бір нәрсеге тән емес құбылыс соған қатысты болады және мұны осы шақпен байланыстырамыз, не біреу айтқан пікірдің бәрін де жоққа шығаруға болады немесе біреу жоққа шығарып тұрған нәрсенің бар екенін дәлелдеуге болады. Бұл жерден шығатыны, «барлық пікірлерге қарсы қарама – қайшылықты пікірлер жатады және барлық жоққа шығаруларға қарсы – пайымдаулар жатады», /1, 96/ - деп Аристотельдің дәлелдегені.
Болымсыздық мәселесін синтаксистік тұрғыдан қарастыру оны қазіргі тіл білімі, әсіресе шет тілі білімі аясында зерттеуде жетекші роль атқарады. «Болымсыздық әрекетінің шеңбері сөйлем болып табылады», - деп Б. Рассельдің ізінше Е. В. Падучева дәлелдеп кеткен /2, 143/. «Болымсыздық және соған сәйкес, оның анықталған тұлғалары әрқашан сөйлем деңгейіне қатысты болады», - деп көрсеткен Н. Ю. Шведова. Тақырыпқа мұндай қадам жасау зерттеу мәселелерінің ортасын айқындайды, оның өзі жалпы тіл білімі аясында және болымсыздық категориясын зерттеумен байланысында жекелеген тіл білімдерінде қарастырылады.
Зерттеу пәні болымсыздық категорияларының және предикаттық құрылым деңгейінде қызмет ететін басқа категориялардың өзара қарым – қатынасы болып табылады. «Синтаксистік категория болып табыла отырып, болымсыздық сөйлемге қатысты басқа да категориялармен анықталған өзара қарым – қатынасқа түседі», - деп толықтырған Е. И. Шендельс /3, 65/. Оның ішіндегі маңыздысы предикаттылық категориясы болып есептеледі. Жекелеген түрде, пайымдау болымсыздық категориясының қосмүшелі сипаттамасы оның предикативтілік категорияларымен өзара қарым – қатынасын алдын – ала айқындайды, сонымен қатар «бұл категорияның бір мүшесінің еріктілігі осы позицияда екіншісінің де еріктілігіне жатқызылады, ал оның біреуінің міндеттілігі екіншісінің мүмкіншілігі болмайтындығын білдіреді». Демек, бұдан ұғынғанымыз, сөйлем құрамындағы предикативті қос мүшенің бірі болдыруды білдірсе, екіншісі болымысздықты білдіреді. Яғни әрекеттің жүзеге асу– аспауы екеуінде керісінше жүзеге асырылады.
Кез-келген айқын сөйлемдерді ұйымдастыруда болымсыздықтың сипаттамасы мен ролі әр түрлі болып келеді. Мұның өзі зерттеушілердің алдына түрлі шешімін таппаған мәселелерді қояды. Бір жағынан, болымсыздық предикаттық қатынастардың туу механизмдеріне тиіспейтін сөйлемдердің шартты болымсыз тұлғалары зерттеледі. Бұл байланыста, жекелеген түрде болымсыздықтың «сөйлемдердің дербес типтерінің жүзеге асырылуын» шектейтін әсері қарастырылады, немесе – морфологиялық категориялар шеңберінде – сөйлем мүшелерінің қатысуына шектеулі түрде әсер ету, яғни әр түрлі жүйелі шектеулердің алынып тасталуы, мәселен, морфологиялық сипаттамасында байқалады. Екінші жағынан, зерттеудің арнайы нысаны ретінде болымсыздық «сөйлем құрылымын құрастыруда және мүшеленудің логикалық – грамматикалық, синтаксистік деңгейлерінде маңызды роль атқаратын» предикативтік конструкцияларға бөлінеді, мұнда болымсыздық предикаттарды тудыруда үздіксіз қатысады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы көрінісі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ пайдаланылған.
Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой – пікір айтады: «Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді».
Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды.
Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі қазақ тілін жатқыза аламыз.
Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда қолданылуын бағдарладық.
Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып талдау болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны

КІРІСПЕ
Қазақ халқы жүріп өткен жолы мен өмір тарихында қиын да, ауыр кезеңдерді басынан өткізгендігі тарихтан мәлім. Әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес империясынының құрсауындағы отар ел болды. Қандай да болмасын отар ел, тұтқындағы адам өмірін кешеді. Ондай халықтың тағдырымен бірге тілі, діні, тіпті бүкіл тарихы да сол империяға бағынышты болады. Бұндай тәуелділікте болған халық қалай дамиды, өседі, көркейеді, керісінше азып-тозып, руханилық тұрғыдан жұтап, тіпті құруы мүмкін емес пе? Дәл осындай қиын кезең басына төнген қазақ халқының егеменді ел болғандығына биыл 12 жыл. Тіліміз де, дінміз де қайта оралып, тарихымыз жаңа үрдіс алып ұлттық тұрғыдан жазыла бастады. Тарихымыздың шынайы толық дәрежеде жазылуына үстемдік еткен таптық принцип күйреді. Көптеген тарихшыларымыз тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашып, әр түрлі тарихи еңбектерді өмірге әкеле бастады. Сондай еңбектердің бір тобын шежірелер туралы жазылған еңбектер құрайды. Өз ата-бабасы туралы білу өзінің қай рудан шыққандығын анықтауға деген үлкен ұмтылыс, талпыныс пен ұлттық сұраныс шежіре жазуға деген қызығушылықты тудырды. Шежіре айту қазақ халқының өзіне ғана тән қасиеттерінің бірі. Халқымыз ұрпақтан-ұрпаққа айтып, жазып жеткізу арқылы шежіреледі осы күнге дейін сақтап келді.
Тақырыптың өзектілігіне келсек, бұл тақырып жеке бір халық, ру немесе тайпаға оның шығуына т.б. ерекшеліктерін анықтауға арналмаған. Аты айтып тұрғандай, бұл тақырып жалпы қазақ халқының тарихындағы шежіренің алатын деректік орны, сонымен бірге оның ерекшелігі, маңызын анықтауға арналғандықтан тақырып өзектілігінің ауқымы, аясы өте кең. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігін біз халқымыз тарихындағы шежірелердің деректік маңызын көрсетуден бастаймыз. Ол үшін біз шежіре деген не, оның халқымыз тарихында алатын орны қандай және т.б. халқымыз тарихындағы шежіренің деректік орнын толық ашып беретін сауалдарға жауап іздейміз.
“Шежіре – (араб тілінде “шаджарады”–“бұтақ”, “тармақ”) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір саласы” /1/.
С. Мұқановтың анықтамасы бойынша: “шежіре”деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді атайды” /2/.
Ұрпақтардың “біз кімбіз, біз қайдан келдік, ата тегіміз кім, олар қай жерлерді мекендеген, қандай ел болған?” деген сауалдарға жауапты шежіре береді /3/.
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке от басының, әулеттің, атақты қол басшының, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ертеде дамыған. Көрші Ресейде патшаның, текті сасловиялардың, дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан. Қазақ халқының да шежіресі ертеден бері бар: “Жеті атасын білмеген жетесіз,” “жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер, жалғыз ұлын білген ел, құлағы мен жағын жер” деген сөздер бекер шықпаған. Шежіре арқылы, оның тегін, ата қонысын, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адам құқы т.б. болмысы білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тел, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар – айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос халықтың сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

Табиғаты бай әріжері кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұракты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Сүтқоректілер ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы басқа өнімдердін халық шаруашылығына пайдаланы аламазы. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдары ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер мен олардың личинкаларын, кеміргіштермен азықтанып, пайдасын да тигізеді.
Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, тақтұяқтылар, жұптұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей тұрі тіршілік етеді. Дипломдық жұмыс сүтқоректілер класының өкілдері бірі борсықтың қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.
Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктық «көрінбейтін қол»теориясының авторы А.Смиттің өзі де айтқан болатын.Ол өзінің атақты«Адамзат табиғатының табиғаты мен себептері туралы» еңбегінде келесідей жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар:әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету,әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен,қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ шығындарының орынын ешқашан толтыра алмайтын,сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап,ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».[23.14б.] Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті - рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.[6.11б.] Бүгінде қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді.[1.3....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциялын бағалау жолдарын үйрету

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық