Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

 Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер............................................................... 6
Анықтамалар………………………………………………………….. 7
Белгілеулер мен қысқартулар………………………………………... 8
Кіріспе........................................................................................................................ 9
Әдибетке шолу.......................................................................................................... 11
Өзіндік зерттеулер.................................................................................................... 14
Зерттеу деректері және әдістері.............................................................................. 14
Мекемеге қысқаша сипаттама................................................................................. 15
Жер бедері және ауа-райы………………………………………………………… 20
Өсімдіктері................................................................................................................. 25
Жануарлар дүниесі....................................................................... 26
Борсықтардың биологиялық ерекшелігі................................................................. 35
Сипаттамасы.............................................................................................................. 35
Мекені........................................................................................................................ 37
Қоректенуі................................................................................... 39
Көбеюі......................................................................................................................... 40
Мекемедегі борсықтың сан мөлшері.............................................. 42
Мекемедегі борсықтың санын молайту жолдары............................... 45
Борсықты аулау тиімділігі........................................................................................ 50
Жануарлар дүниесін қорғау...................................................................................... 52
Еңбек қорғау.............................................................................................................. 5

Табиғаты бай әріжері кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұракты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Сүтқоректілер ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы басқа өнімдердін халық шаруашылығына пайдаланы аламазы. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдары ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер мен олардың личинкаларын, кеміргіштермен азықтанып, пайдасын да тигізеді.
Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, тақтұяқтылар, жұптұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей тұрі тіршілік етеді. Дипломдық жұмыс сүтқоректілер класының өкілдері бірі борсықтың қарастырады.
Сонымен қатар, шаруашылыққа пайдалы жауын құрттарымен де қоректенеді, ұяларын жерге салған құрстардың жұмыртқаларын немесе балапандарымен де қоректенеді. Қорегін іздей отырып, көптеген шұңқыр-тесіктер қалдырады. Бұл калдықтардың арысындағы жер қопсытылады, жердегі паразиттер өледі.
Осы дипломдық жұмысты жазу кезінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде әкімшілігінің көмегімен, ізденіс жасап жазылады. Сол себепті Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің әкімшілігіне алғасымды айтамын.
Жұмыстың мақсаты - Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі борсықтардың санын көбейту және тиімді пайдалану.
Жұмыстың міндерттері - Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде борсық экологиясы және шаруашылық маңызын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
- Талдықорғандағы борсықтың экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мекемедегі борсық қорын анықтау;
- борсық аулау құралдарын және әдістерін зерттеу;
- борсық қорын пайдалану тиімділігін анықтау.
Жұмыстың жаңалығы - Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде алғаш борсық жайлы ғылыми және нақты деректер жиналып, салыстырылып қорытындыланды.
ӘДИБИЕТКЕ ШОЛУ

Қазақстанды мекендейтін борсыққа арнап жүггізілген және ғылыми жүмыстар саны көпте емес. Негізінен шыққан жұмыстар ұзінді түрде кездеседі.
В.С. Лобачев [1] борсық Жоңғар және Іле Алатауында ұйқыға кетер алдында майды шөптесін және сол кездегі Алматы обласының төңрегіндегі алма бақтарында алмамен, алмұртпен, алхормен, және ағаштардың өнімдерімен қоректенеді дегенді.
Борсық (Меlеs теlеs) теред інде тіршілік етеді. Олардың үлкендігі кішігірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі[2].
Жыртқыштардын, ішіндегі жануар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі — насекомдар, сүт қоректілер, кейде амфибилер, құстар, сонымен қатар өсім-дік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады[3].
Борсықтардың дене тұрқы 60 - 90 см, салмағы 8 - 16 кг-дай. Олардың түсі ақшыл-сұрдан қара-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Жүні қылшықты, салалы, сирек. Тұмсығынан желкесіне дейін созылған қара жолағы бар. Бауыры, төбесі, табандары қара, аяқтарында сәл иілген, ұзын тырнақтары болады. Інде тіршілік еткендіктен, маусымдық көшуі байқалмайды. Іңір түсісімен қорек іздеуге шығады. Борсық қорек талғамайды. Ол ұсақ кеміргіштермен, құстармен, олардың жұмыртқаларымен, жыланмен, кесірткелермен, көлбақалармен, ұсақ жәндіктермен, жеміс және бақша дақылдарымен де қоректенеді. Күзге қарай бойына май жинайды да, қысқы ұйқыға кетеді. Олар наурыз - маусымда мауығып, 1 жылдан кейін 1 - 5 күшік табады. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың майы витаминдерге бай, сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларын, туберкулез және іріңді жараларды емдеуге қолданады. Ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерін жеп пайда келтіреді. Кәсіпшілік маңыздылығы онша емес (терісі онша құнды емес жүні қылқалам үшін қолданылады майы емдік болып есептелінеді[4].
Борсықтардың таралуы және түрлері. Европаға кеңінен таралған. (Скандинавия түбегі, Финляндия және Россияның Европалық бөлігінен басқа жерлерде) Кавказ өңірінде, қырым, кіші және Орта Азияда, Оңтүстік және Орталық Сібірде, Қиыр Шығыстың Оңтүстігінде, Шығыс Қытайда, Корея түбегінде, Жапонияда таралған.
Түрлері Meles meles meles (Западная Европа); Meles meles marianensis (Испания и Португалия); Meles meles leptorynchus (Россия); Meles meles leucurus (Китай, Тибет); Meles meles anaguma (Япония) [7].
Борсық көбіне қорек іздеуге түн мезгілінде шығады. Күндіз таңғы 8-ге дейін, кешке 5-6-лардан кейін кездестіруге болады. Борсық тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді, бақа, кесіртке, құстар мен олардың жұмыртқаларын, балапандарын, кейде бақша дақылдарын да жейді. Ұсақ жәндіктерді, олардың
жұлдызқұртын моллюскаларды, түрлі жемістер мен жаңғақтарды, шөпті қорек етеді. Борсық қорек іздеген кезде өте үлкен аймақты, шарлап шығады.Осындай бір жорықта борсық 50 – 70- ке дейін бақа, жүздеген жәндік пен жауынқұртын ұстайды. Әйтсе де борсық тәулігіне 0,5 кг, қорек жейді.Күзге қарай семіріп, қысқы ұйқыға жететін май жинайды. Солтүстік өңірлерде борсық күзгі қазан – қараша айынан бастап наурызға дейін қысқы ұйқыда болады. Ал, оңтүстік жақтарда қысы қысқа, жылы болса ұйықтамастан өмір сүреді [5].
В.Г. Гептнер [12] ең біріншілер ішінде борсықтың қазақстанда 4 түр тармағы мекендейді деген: Ферған борсыға – severtzovi Heptner, 1940 – европа тобына жатады; қалғандары – тянь-шань – M.m. tianshanensis Huene, 1910; құм - М.m.arenarius Satunin, 1895; -M.m. sibiricus Kastshenko, 1900 – азиаттық опқа жатады.
Кейінірек А.В. Афанасьев т.б [13] белгілі «Звери Казахстана» Қазақстанда борсықтың 4 түр тармағы мекенлейтінін растады. Бұл мәліметте авторлармен алғашқы рет түолі ареалдарда мекендейтін борсақтардың биологиясы сипатталады.
В.Г. Гептнер [12] «Млекопитающие Советского Союза» атты күрделі жүмысында борсық туралы толық мәлімет айтты. А.А. Слудский [3] «Млекопитающие Казахстана» атты зоология институтының күлделі еңбегінде борсықтың Қазақстанда мекендейтін алқаптарына, биологиясына жан-жақты баға берген.
Совет Одағы кезіндегі жұмыстардан – борсықтың тері жамылғысының түстері сан-алуан туралы көптеген авторлар айтып кетті ( Огнев, 1931, Даль, 1939; Строгнев, 1962, т.б.).
Борсықтардың қоныс аударатыны туралы біршама жұмыстар бағашталған. Соның ішінде шульгина (1948) борсыұқ таулы аймақта жаздын екінші жартысында көк шөбі мол биіктеу аймақтарға қоныыс аударатыны туралы мәлімет айтты.
П.Б. Юргенсон [10] борсықтың жыныс жағынан жетілген төлдерінің қоныс аударды жан ұя құруына байланысты екенін атап айтты.

1 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Зерттеу деректері және әдістері

Біздің зерттеу нысанамыз Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында мекендейтін борсықтар болып саналады.
Жұмыс Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.
Мекеме туралы деректерді мына құжаттардан алдық:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 6517-1907-08-ММ: Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Серия В № 0046191. Талдыкорган, 2005 [4];
- Ереже. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман
шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Талдыкорган, 2005 [5].
- Проект органзации и развития охотничьего хозяйства Талдыкорганского лесохозяйственного производственного предприятия Алматинской области. А., 1992-1993 гг [6].
Борсықтардың саны туралы деректерді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінен алдық.
Мекемеде борсықтар санын бағалау үшін екі топ әдістерді пайдаланады;
- көзбен көріп бақылау (мұнда аңдарды айдап санау да жатады); ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!