Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Дипломдық жұмыс: Жануартану  | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану казакша Дипломдық жұмыс: Жануартану  | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану на казахском языке

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 6
АНЫҚТАМАЛАР 7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 8
КІРІСПЕ 9
1 Әдебиетке шолу 11
1.1 Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама 13
1.2 Мекеменің құқықтары 17
1.3 Жануарлар дүниесі 18
1.4 Климаты
1.5 Топырағы 20
2 ЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ 24
2.1 Зерттеу деректері және әдістері
2.2 Қырғауылдарды есепке алу әдістері
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Қырғауылдың биологиялық ерекшеліктері 24
Мекемедегі жануарлар дүниесін қорғау
3.2 Мекені 26
3.3 Қоректенуі 29
3.4 Көбеюі 31
3.5 Жаулары 32
3.6 Аурулары 34
3.7 Биотехниялық шаралар 36
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ 59
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. Ауланатын жануарлардың сапалық құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін қамтамасыз етеді.
Жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Резерват аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған.
Жұмыстың мақсаты - Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану, биотехниялық іс - шараларды дұрыс ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеттері – Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шараларын жүргізу. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
- Қырғауылдардың биологиялық ерекшеліктері;
- мекемедегі қырғауылдың қорын анықтау;
- қырғауылдар мекендеу аймағын зерттеу.
- жануарларға жүргізілетін биотехниялық шараларға ат салысу.
Жұмыстың жаңалығы – Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шаралары зерттелінді.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қазақстан құс фаунасы жөніндегі алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың басында зерттеу жүргізген ғалымдар еңбегінде бар. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70–80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды. Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда жануарларды жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу. Біздің зерттеу обьектімізге айналып отырған Алматы облысындағы тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау әдістері және оның кәсіптік маңызы үлкен мәселелердің шешімін таппақ.
Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген деп жаңа жағдайда қалыпты көбейіп және тіршілікке төзімді ұрпақ қалдыра алатын жануарларды айтады. Жерсіндіру процесі кезінде жануарлардың тіршілік етуі ғана емес, сонымен бірге олардың марфофизиологиялық ерекшеліктері (күйі) де өзгереді. Жерсіндірілген жануарлар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады. Жұмыстың басты ерекшелігі елімізде жан-жануарлардың мекен ету ареалын ұлғайту шаралары әсерінде жүргізілген жұмыстар нәтижесіне орай тауықтәрізділер отряды өкілдерін еліміз аумағына интродукциялап және аңшылық фаунасын тиімді пайдалану жолдарын енгізу.
Тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау және қолдан көбейту, Қазақстан Республикасының биоалуандылықты сақтау бағдарламасына сәйкес келеді.
Тауықтәрізділер отряды
Galliformes- Курообразные
Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді.
Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құстар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3–26 жұмыртқа салады, мекиені 14–30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар.
Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады.
Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген
Біздің қазақ жерінде құстар жайлы деректердің бастауын ертедегі ғалымдар еңбегінен көруге болады. Кейіннен ел аумағында арнай түрде зерттеу жүргізген ғалымдар жұмысы XIX ғасырдың басынан басталады. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70–80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды [1].
Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда тіршілік иелерін жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу. Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлармен құстардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген құстар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады.
Жалпы тауықтәрізділер отряды жер шарында кең тараған, Антарктикамен кейбір мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Осы тауықтәрізділер отрядындағы қырғауыл тұқымдасына жататын қырғауыл (Phasianus) елімізде кәсіптік маңызы бар құс. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылдың мекиендері мен қораздарының тек қана ашық түсінде ғана емес, денесі ірірек және ұзын құйрығымен аяғындағы тепкімен ерекшеленеді [2].
Қырғауыл жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс. Сәуір-мамыр айларында 5-17 дейін жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығады. Жұмыртқасының орташа салмағы 30-35 гр. болады. Қауырсындары ашық түсті болады, тіршілік ету орталарына байланысты өзгеріп отырады. Қоразының ұзындығы 80-90 см, ұрғашысы 60 см жуық болады. Қырғауылдардың түрлері: алтын-қызыл, қанаттары ашық-қоңыр, басы жасыл түсті, жылтыр темір түстес, мойынның алдыңғы жағы және денесінің жоғарғы жағы көгілдір түсті болады. Жасыл-қоңыр түсті қауырсындар желкесінде ұзын болады. Өмір сүретін жерлер: судың жағасында, қалың шөптерде, шабындық жерлердегі ағаштарды мекендейді. Қырғауыл өте сақ құс. Қалың өскен өсімдіктер арасында өзін қауіпсіз сезінеді, сондай-ақ орман ішінде, суы бар жерлерде жүреді. Оның тіршілік ету жағдайына таулы аймақтарда кіреді. Көбіне жерде жүреді, көп ұшуды қаламайды. Қауіпті жерлерде олар қашуға тырысады. Ол шөп көп жерлерде де, ашық жерлерде де тез жүгіреді. Қоректенетін жерлері тоғайлы және ашық жайылымдарға, ағаштар басында мекендеп, сол жерге түнде қонақтайды. Қырғауылдың мекендейтін жері көбінесе суға және қалың өсімдіктерге жақын орналасады. Неғұрлым өсімдіктер қалың болса, соғұрлым қырғауылдың тіршілік етуіне қолайлы болады. Кейбір жерлерде судың жағалауындағы тоғайлардың арасымен тауға 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Елімізде қырғауылдың 2-түрі мекендейді. Қазақстанда қырғауылдың ең көп тараған жері – Сыр бойы десек, екінші қонысы –Іле аймағы. Мұнда Жетісу қырғауылы өседі. Біріншісінің қоразы көк жасыл, ал екіншісі болса күлгін көк қауырсынды болып келеді. Мекиендерінің айырмашылығы шамалы. Аналықтары ұя салатын жерлер бұталардың, шөптердің арасында қауіпсіз жерлерге салады.
Қырғауыл – тоқшылықтың, берекенің білгісі. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл 10-15 тен, кейде тіпті 20-ға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың 2-3 қана жұмыртқалағанынан білетін болған. 1944-45 жылдары, 1952 жылдары және 1968 жылы қатты суық болып қырғауылдардың саны айтарлықтай азайып кеткен. Экологиялық факторлардың әсерінен азайған алайда үлкен сұранысқа ие қырғауыл саның көбейту мақсатында Алматы облысының жеріне 1964-1968 жыдары Қырғызстаннан 300-ге жуық қырғауыл әкелініп Іле, Жоңғар Алатауларына жіберілді. Жерсіндірілген қырғауылдар мұнда тез таралып, саны тез көбейді. Сол кездегі Қазақ ССР Министерлер Советі жанындағы аңшылық шаруашылығы мен қорықтар Бас басқармасының тапсырмасы бойынша мамандардың 1968 жылдың күз айларында жүргізілген санағына қарағанда, тек Алматы төңірегінде ғана қырғауылдың саны 3 мыңға жеткен. Ал республика бойынша қырғауыл шамамен 50-60 мың болса, соның көбі Жетісу жерінде кездескен екен. Соңғы жылдары жүргізілген есепке қарағанда, қырғауылдың қоры әсіресе тіркелген аңшылық шауаршылықтарында мол екені анықталған. Аңшылар одағының мәліметі бойынша, Оңтүстік облыстарда аңшылық шаруашылықтарда 1000 гектерда 1963 жылы 30-50 қырғауылдан, ал 1970 жылы 300-400 құстан келген. Алматы облысына кейбір аңшылық шауаршылықтарында қыс айларында қалың тоғай арасынан қырғауылдың 50-80-інен тобымен жайылып жүреді. Жалпы көлемі 9 мың гектер Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында 1972 жылдың көктемінде осы шаруашылықтың қызметкерлерінің жүргізген санағы бойынша 6300 қырғауыл кездескен (Мухин, 1973).
Қырғауылдың соңғы жылдары осынша тез көбеюіне басты себеп, барлық жерде де қырғауылды атуға тыйым салудың әсері болуға тиіс. Қазіргі кезде қырғауылды тек тіркелген аңшылық шаруашылығында арнаулы рұқсат бойынша ғана атуға болады. Оның өзінде көп емес. Мәселен, жыл сайын күзгі маусым кезінде, яғни 1 қарашадан 5 желтоқсанга дейін аңшы бір шыққанда – 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуына рұқсат етіледі. Мәселен, соңғы жылдары жыл сайын бір айға созылған маусымда тек үш-төрт аңшылық шаруашылығында аңшылар Алматы төңірегінен 1000-нан астам қырғауыл атып алады. Бұл құс мекендейтін басқа жерлерінің бғрі де қорғауға алынған. Сондықтан да әрбір саналы адам сол қоныстардағы қырғауылды қорғап, оның санын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс [3].
Сонымен бірге, қырғауыл қорын молайтуға ерекше назар аударылып отырғанына бір ғана мысал келтірейік. Егер де бұдан бес-алты жыл бұрын аңшы аң аулауға бір рет шыққанда 3, ал маусымда 9 қырғауыл атуға рұқсаты болса, жаңа ереже бойынша қазіргі кезде аңшыға бір рет шыққанда 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуға рұқсат етілді. Сондай ақ бұл құсты браконерлерден сақтау шаралары да жүзеге асырылды. Бірақ бір қиналатын жағдай- кейбір аудандарда бұл құсты рұқсатсыз аулаушылар әлі де кездеседі.
Қырғауыл - өсімтал құс. Оның мекені жылына 7-ден 18-ге, көбіне 8-бен 14-ке дейін балапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз болған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыста ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге, қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жеріндегі қамыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жаю сияқты жағдайлар да кедергі жасайды. Сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындары мен алдын-ала келісіліп істелуі керек.
Қырғауылдарды, құрларды, бөденелерді, үйректерді қолда ұстап оларды аңшылық өңірлерге жібереді.Польшада аңшылық шаруашылықта және арнайы қырғауыл өсіретін жерлерде 100 мыңға дейін қырғауыл өсіріп, соның 50 мыңнын жылма-жыл аңшылық өңірлерге жіберіп отырады. Францияда аңшылық құстарды 1983 аңшылық шаруашылықта көбейтеді. 1968 жылы осы шаруашылықтарда шамамен фазаның 1 миллионнан аса жұмыртқасы мен балапаны, 1,6 миллион бөдененің және 1 миллион жабайы үйректерді дайындап берді. Олар жылына аңшылық өңірлерге 2,5 миллион қырғауыл және 0,4 миллион құрларды жіберіп отырады. РесейРесейң Краснодар өлкесіндегі Майкоп қаласындағы қырғауыл өсіретін питомник 1958 жылдан бері 100 мыңнан астам қырғауыл өсірген.
Соңғы жылдары елімізде қырғауылдарды өсіріп жіберу жұмыстары жүргізілуде. Жасанды орман флорасын құру фаунаны дамытумен қатар жүргізілуі тиіс екенін ескергендіктен қырғауылдарды орманға жіберу жыл сайынғы үрдіске айналған. Осындай жұмыстар көбіне Астана қаласының маңайында жүргізіледі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Жануартану дипломдық жұмыстар, Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану, дипломдык Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке ск, Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін