Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, "Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтен айтып беруін сұраған едік.
Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде ұлы және жақында дүниеге келген егіз балаларымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ, vesti.kz сілтеме жасап.
Жазғы демалыс, саяхат, туризм... Мұның бәрі үлкен дайындықты талап етеді. Саяхат кезінде қиындықтар кездеспес үшін қандай шаралар жүргізу керек? Сапарға шықпас бұрын мыналарды ескерген жөн.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді.
Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Демалыс орындарын таңдау, асыға күткен саяхатты көңілден шығатындай етіп ұйымдастыру туралы "Гелиос" туристік компаниясының бас директоры Айгүл Сәтжан Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында айтып берді