Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек? казакша Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек? на казахском языке

Жазғы демалыс, саяхат, туризм... Мұның бәрі үлкен дайындықты талап етеді. Саяхат кезінде қиындықтар кездеспес үшін қандай шаралар жүргізу керек? Сапарға шықпас бұрын мыналарды ескерген жөн.

Шет тілі
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Демалысқа баратын орынның жергілікті тұрғындары қандай тілде сөйлейтінін анықтап алғаныңыз абзал. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғанымен, кейбір елдердің тұрғындары бұл тілді еркін меңгермеген болуы мүмкін. Сондықтан, өзіңіз саяхаттайтын елдің тілін “нан сұрай алатын” деңгейде болсын меңгеріп алуға тырысыңыз. Әйтпесе, ауаға сурет салып әуре боласыз.

Дәрі-дәрмек жинағы
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Саяхатқа өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек алып шығуға ерінбеңіз. “Қажетті тастың ауырлығы жоқ”. Төтенше жағдай орын алған жағдайда жақын жерде қандай емхана бар екенінен хабарсыз болғандықтан тез арада дәрігерлердің көмегіне жүгіне алмайсыз. Сондықтан, алғашқы көмекке қажетті негізгі базалық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтар өзіңізбен бірге болғаны дұрыс.

Артық ақша
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Саяхаттау барысында әр түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Оны ешкім болжап біле алмайды. Банк картасының бұғатталуы, әмиянның ұрлануы сияқты жағымсыз жағдайлар орын алып жатса, өзіңізбен бірге бөлек артық ақша болғаны жөн. Оны әмияндағы, картадағы ақшадан бөлек, жүк салғыштың ішінде немесе киіміңіздің ішкі қалтасында сақтасаңыз болады.

Туристік сақтандыру
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Сақтандыру жүйесінен ешқашан бас тартпаңыз. Сапар барысында қандай жағдайға тап болатынын ешкім білмейді. Ал сақтандыру жүйесін қажет етпей, ақша үнемдегіңіз келсе, ұтылыуыңыз мүмкін. Егер сапар барысында түсініспеушіліктер мен қиындықтарға тап болып қалсаңыз, сақтандыру жүйесінсіз көп қаражат жұмсауыңызға тура келеді.

Құжаттардың көшірмесі
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Туристер үшін ең басты қажетті нәрсе – оның құжаттары. Саяхат барысында құжаттарыңыз бен билеттеріңізге, ақшаңызға абай болыңыз. Қажетті құжаттарды телефонға, фотоаппаратқа суретке түсіріп алудың еш қиындығы жоқ. Алдын-ала барлық қажетті құжаттарыңыздың көшірмесін жасатып, бөлек сақтаңыз. Электронды билеттеріңізді де шығарып алғаныңыз абзал. Себебі, телефон мен ноутбук, техникаға да сенім жоқ.

“Жедел қызмет көрсету” номерлері
Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?

Әр елде, әр аймақта төтенше жағдайда жедел қызмет көрсететін орталықтардың байланыс телефондары әр түрлі. “Сақтансаң – сақтайды”. Өзіңіз баруды жоспарлап отырған елдің жедел қызмет көрсету номерлерін телефоныңызға сақтап алыңыз. Олардың көмегі сізге кез келген уақытта қажет болып қалуы мүмкін.

Дана Маратова, дереккөз




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, Құжаттардың көшірмесі, Жедел қызмет көрсету номерлері, Шет тілі, Дәрі-дәрмек жинағы, Артық ақша, Туристік сақтандыру, Жазғы демалыс, саяхат, туризм, саяхатқа шығу, саяхатқа дайындалу, туристік саяхатқа дайындық, туризмге дайындык, мүмкін, барысында, сақтандыру, Саяхат, қызмет, өзіңізбен, бірге, қажетті, бөлек, түрлі, жағдайлар, болғаны, тұрғындары, ешкім, жағдайда, демалыс, болып, дәрмек, жедел, Құzhattardyң kөshirmesi, Zhedel қyzmet kөrsetu nomerleri, Shet tili, Dәri-dәrmek zhinaғy, Artyқ aқsha, Turistik saқtandyru, Zhazғy demalys, sayahat, turizm, sayahatқa shyғu, sayahatқa dayyndalu, turistik sayahatқa dayyndyқ, turizmge dayyndyk, mүmkin, barysynda, saқtandyru, Sayahat, қyzmet, өziңizben, birge, қazhetti, bөlek, tүrli, zhaғdaylar, bolғany, tұrғyndary, eshkim, zhaғdayda, demalys, bolyp, dәrmek, zhedel, Құжаттардың көшірмесі, Жедел қызмет көрсету номерлері, Шет тілі, Дәрі-дәрмек жинағы, Артық ақша, Туристік сақтандыру, Жазғы демалыс, саяхат, туризм, саяхатқа шығу, саяхатқа дайындалу, туристік саяхатқа дайындық, туризмге дайындык, Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек?, Саяхатта қиындыққа тап болмау үшін қалай дайындалу керек? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге