Ағылшын тілін қалай үйренуге болады?

Ағылшын тілін қалай үйренуге болады? казакша Ағылшын тілін қалай үйренуге болады? на казахском языке

Ағылшын тілін үйрену бүгінгі заманның талабына айналғалы қашан.Кез-келген жұмыс орнына орналасарда ағылшын тілін білсеңіз,еркін сөйлей алатын дəрежеде болсаңыз, өзіңізге жақсы.Себебі ағылшын тілін игерген маман жерде қалмайды,керісінше жұмысында табысты болып,жоғарылай бастайды.Білім үйрену ешқашан да кеш емес.Бəрі өзіңізге байланысты,қызығушылығыңыз болса қалағаныңызға қол жеткізе аласыз.Осы орайда ағылшынды 3 жыл табандап үйренген жастардан кеңес сұрап, сіздерге жазбаша ұсынуды жөн көрдім.

1. Шыдамдылық пен қызығушылық

Кез-келген істі бастамас бұрын қызығушылық болу керек.Амалдың жоғынан ілініп-салынып жүріп үйрену-уақыт пен ақшаның соры.Сондықтан қаламасаңыз,өзіңізді қинамаңыз!Егер осы тілді үйренуге үлкен қызығушылық танытып,толық меңгеруге бел бусаңыз соңына дейін шыдамдылық танытқаныңыз жөн.Басында қиналуыңыз мүмкін,алайда шыдамдылық қай кезде де қажет.

2. Өзім жайлы

Ағылшынның «іргетасын» жақсы қалап алсаңыз,əрі қарай өзіңізге оңай болады.Алдымен қарапайымнан бастау керек.Өзіңіз жайлы 1,2 ауыз сөйлеммен жеткізе білсеңіз(аты-жөнім,қызығушылығым,отбасым,т.б.) қолыңыздан бірдеңе келеді деген сөз.Яғни əрі қарай үйрену жеңілдейді.

3. 12 ереже

Иə,сол баяғы 12 ережені жатқа білсеңіз қиналмайсыз.Бір-біріне ұқсас болып келгенмен,жаттығулар орындап біліміңізді бекітіп отырсаңыз жаттап аласыз.Бұл ережелерсіз АҚШ-та сөйлесе алсаңыз да,Ұлыбритания елінде «сауатсыздардың» қатарына қосыласыз.Таңдау еркіңізде...

4. Сөздік жаттау

Жаттау,жаттау жəне жаттау!Алғашында қарапайым дүниелердің атауларын жаттаудан бастаңыз.Үйіңіздегі,бөлмеңіздегі,мектеп пен университетіңіздегі өзіңіз жиі кезіктіретін заттардың аудармасын жаттап,күнделікті көргенде қайталап еске түсіріп отырыңыз.

5. Əлеуметтік желі

Əлеуметтік желіде екінің бірі отырады.Сол кезде уақытты босқа өлтірмей,ағылшын тілді достар іздеп,сөйлесіп көріңіз.Түсінбеген жағдайда онлайн-аудармашының көмегіне жүгініңіз.Бір сөздің аудармасын бірнеше рет қарасаңыз өзі-ақ миыңызда сақталып қалады.Сонымен бірге ағылшындармен сөйлесу арқылы тілдегі сіз білмейтін қысқартулар мен құпияларды біліп аласыз.

Ағылшынның «маманы» болып шығуға тілектеспін!

Полиглот ағылшын тілін 16 сабақта үйрену видеолары
Беттер:
<< 1 2 >>




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, агылшын тили уйрену, ағылшынша үйрену, ағылшын тілін тез үйрену жолдары, ағылшын тілі сабақтары, как выучить английский язык самостоятельно, агылшын тили уйрену кенестер, агылшын, тили, уйрену, ағылшынша, үйрену, ағылшын, тілін, тез, жолдары, тілі, сабақтары, как, выучить, английский, язык, самостоятельно, кенестер, агылшын тили, ағылшын тілі, агылшын тили уйрену, ағылшынша үйрену, ағылшын тілін тез үйрену жолдары, ағылшын тілі сабақтары, как выучить английский язык самостоятельно, агылшын тили уйрену кенестер, Ағылшын тілін қалай үйренуге болады?, Ағылшын тілін қалай үйренуге болады? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге