алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Су, шоколад, қалам: ҰБТ-ға не алып кіруге болады


Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ұлттық бірыңғай тестілеуге кіру талаптарын тағы бір рет түсіндірді.


«Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан «өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма?» деген сұрақ келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейін. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды», - деп жазды орталық директоры әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауат, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор бар.

Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады.

«Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздерге ыңғайлы болуы үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн» дейді Руслан Емелбаев.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда негізгі ҰБТ басталған болатын. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады.



Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇
  • Автор:



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. настя
    настя 27.05.2023 11:58
    0 + 1 -
    Привет как у тебя дела


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы