Ернар Жидебаев | Сенімділік жетістіктің бастауы

Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Әңгімелер
Толық

Тоқаш Бердияров | Алло Мәутік

Аудандық тұтынушылар одағының қызметкері Кербике жеңгей келсаптай білектерін екі жаққа созып, ұзақ есінеді. Телефонның құлағын ғыр-ғыр еткізіп бұрады да, трубканы құлағына тосты:

— Әй, сары қыз, біздің пәтерді жалғап жіберші!.. Алтайка, папаң үйде ме?.. телефонға шақыршы, қалқам... Алло, Мәутік, мен үйге бүгін кешігіп барамын. Облыстан ревизор келмекші екен, соған әзірлену керек... сен былай істе: баланы ал да, отын жар. Сосын қазанға от жақ. Қазыға жас етті араластырып молырақ салғайсың. Шырпы ошақтың басында. Абайла, тұзы өткір боп кетпесін... Естіп тұрсың ба?.. Иә, дұрыс, солай істе!.. Алло, алло!.. Ұмытып барады екем... Сиырды қазыққа байлап, тағараға кебек сала салшы, жеп тұрсын. Бұзауына сақ бол, еміп қоймасын. Сырғашка қайда?.. Ойнап жүр дейсің бе?..Айналайын, әкем-ау, сақ болшы, әйтеуір. Мәшине-пәшине басып кетпесін!.. Сосын, Ермекжанның жаялығын далаға жая салшы, бай болғыр...

Кербике «уф» деп ауыр дем алып, трубканы тұғырына сарт еткізіп тастай салды. Ақ шайнектен пиялаға қою күрең шайды құйды да, сораптап іше бастады. Шып-шып терлеген кең маңдайын жібек орамалмен жиі-жиі сүртіп қояды. Аппақ бұғағы бүлкілдеп, оқтын-оқтын ықылық атады.

Кербике жеңгей трубкаға қайта қол салды.

— Алло!.. Райфо, райфо!.. Ә-ә, Шәрипаш, халің жақсы ма?.. Кербике ғой... Иә, біздің әлгі Мәутік жалақысын алды ма?.. Дұрыс, дұрыс! Премия берген жоқсыңдар ғой... Қанша қанша?.. Елу сом дейсің бе, ей!.. Түу, мо-ло-дед!.. Жақ-сы!.. Әй, әлгі кәупек баспен кездесіп тұрасың ба?.. Е-е-е жөн, жөн. Бұл пәни дүниеден шалқып бір өтсейші, жазған-ау!.......
Әңгімелер
Толық

Ақылды етікші

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға......
Ертегілер
Толық

Джек Лондон | Тектік сарын

ЖАБАЙЫ ӨМІРГЕ ОРАЛУ

Қажаумен кезбе түйсік тым ежелгі,
Бұғауын дәуір, дағды үзе берді.
Жабайы аң қатты ұйқыдан көзін ашып,
Кісенін сілкіп тағы түрегелді.

Бэк газет оқымайтындықтан бір өз басына ғана емес, Пюджеттен Сан-Диего шығанағына дейінгі бүкіл сүйекті де сіңірлі, жүндес ит атаулыға төніп келе жатқан қауіпті аңдаған жоқ. Мұның бәрі поляр түнегіне түртпектеніп өткен біреулер сары металға кезігіп, сол олжаны көлік-кеме компаниялары дабырлатып жер-жаһанға жайған соң мыңдаған адамның Сібірге қарай лап қойған сәтінен басталған-ды. Ол адамдарға ауыр жұмысқа жарайтын мығым, өздерін аяздан сақтайтын қалың да сабалақ жүнді, ірі тұрпатты иттер қажет-тін.

Бэк күнгей Санта-Клара алқабындағы үлкен үйде мекендейтін. Жұрт бұл орынды "судья Миллердің үй-жайы" деп атайды. Бұл өзі жол аузынан сырттау, жартылай ағаш тасасында тұрған үй еді, тек бұта арасынан баспанаға жағалай, жапсарлата салған кең де, саялы дәліз ғана көрініп тұрады. Үйге қарай қиыршықтастан төселген жіңішке жол бар. Ол бұтақтары ию-қию бытысқан сымбатты теректер түбіндегі көк шалғынды қақ жара өтеді.

Үй сыртындағы жер тіптен кең. Онда қаптаған ат қараушылар мен олардың көмекшілері күйбеңдеп жүретін кең жылқы қоралары тұр, қызметшілерге арналған жабайы жүзім саясындағы іркес-тіркес үйшіктер мен жүйелі салынған өзге де аула құрылысы көп. Ал бұлардан әріректе көкмайса жайылым, жүзімдіктер, жеміс-жидек, бау-бақша көз тартады. Мұнда терең құдықтан су тартатын қондырғы мен судьяның ұлдары әр таңда, күн ыстықта тіпті түсте де шомыла беретін таспен цементпен шегенделген жүзу әуізі де бар.

.....
Әңгімелер
Толық

Етікші

Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп, етік тігіпті.

Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында, етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.......
Ертегілер
Толық

Зеректік

Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:

— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.

Жолаушының біреуі:

— Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Биология | ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық нервтер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық нервтердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкез бөлігінде орналасқан. Бұл симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық нервтердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді.



Вегетативтік рефлекстердің доғалары жұлында, сопакша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық нерв жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығуының, үлкен және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Резистенттік

Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.

Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.

Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.

Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Іштік парасимпатикалық орталық

Іштік парасимпатикалық орталық (внутренностный парасимпатисеский центр); (лат. nucleus parasympathicus splanchnus) сопақша мида орналасады. Сұрзаттық орталық нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген жүйкені (nervus vagus) құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке, симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақты жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп,.....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксо-дендриттік жанасым

Аксо-дендриттік жанасым (synapsis axo-dendritica; гр. synapsis — жанасым; гр. axon — білік, ось; гр. dendron — ағаш) — нейроцит аксонының (жүйке толқынын клетка денесі — перикарионынан әрі қарай өткізетін өсінді) басқа нейроциттер дендриттерімен (жүйке толқынын қабылдайтын нейроцит өсіндісі) жанасып жалғасуы. Аксо-дендриттік жанасым арқылы жүйке толқындары (импульстері) биологиялық белсенді заттардың (медиаторлардың) көмегімен бір нейроциттен басқа екінші нейроциттерге беріледі. .....
Рефераттар
Толық