Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар.
Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.
"Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді" [1;147].
"Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады" [2;47].
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.
Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған.
Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева. З.Д.Попова, В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады.
...Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады.
Оның айтуынша, "сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді, сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе.
Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз тіркесі бұзылады" [3;3].
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп қарастырдым.
1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі
2. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм
3. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз
Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау.
Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен «орын тәртібі» ұғымы бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды.
Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)», Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Сайрамбаев Т.«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері », Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі», Аманжолов С «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», Исаев С «Қазіргі қазақ тілі», оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай жасалғандығына көңіл аудардым.
Мысалдарды Әуезов М «Абай жолы», Нұрпейісов Ә «Қан мен тер», Мұқанов С «Ботагөз» романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен алдым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі

К І Р І С П Е
Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс.
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді.
Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады.
Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ
МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған.
Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Диплом жұмысында қазіргі қазақ фалероимдерін, тарихы мен қалыптасуын қарастыра отырып, фалеронимдердің шығу тарихы, қазақ фалеронимдерінің қалыптасу кезеңі, қазіргі қазақ фалеронимдерінің сиапты ашылып, қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі, атаулық табиғаты, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесі атап көрсетіледі.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қазақ фалеронимдері еліміз егемендік алғаннан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан да фалероним ұғымы қазақ тілінде бұрын-соңды зерттелмеген. Адамдарда “фалероним” (награда) ұғымы туралы түсінік болғанымен, оның құрылымын, түрлерге жіктелетінін, семантикасын, қоғамдағы қызметін, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін түсінбеуі, білмеуі мүмкін. Жұмыста қазақ фалеронимдерінің сипаты өз шешімін тапқан.
Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ фалеронимдерін, тарихы мен қалыптасуын зерттеу.
Алға қойған диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:
● фалеронимнің шығу тарихына шолу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы анықтау;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы қызметін, саяси-әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін атап көрсету;

Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, тарихи, этимологиялық, түсіндірме т.б. сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
● Алғаш рет қазақ фалеронимдеріне ономасиологиялық зерттеу жүргізілді.
● Қазақ фалеронимдерінің құрылымы, түрлері, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
● Қазақ фалеронимдерінің семантикасы қаралып, атаулық табиғаты ашылды.
● Қазақ фалеронимдерінің саяси-әлеуметтік маңызы, мемлекеттік мәртебесі туралы мағлұмат берілді.

Жұмыстың әдісі: сипаттамалы әдіс, лексика-семантикалық құрылымдық талдау әдісі, жаппай іріктеу әдісі.
Жұмыстың құрылымы. Зерттудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихы – ономасиологиялық негіздері.
1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы.
Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде көне Грецияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета – медаль түрінде болып келеді.
ХІV-XVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады. Подвязка Ордені – Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағы жоғары рыцарь ордені. Оның негізін 1350 жылы король ІІІ Эдуард қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды. «Король графиния Сэлисберимен билеп жургенде, оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады». Бұл сөз орденнің ұранына айналып кетті. Ресми эмблема – алтынға қондырылған қою көгілдір таспа, оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін» (1, 40-41).
Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған: 12 рыцарьға король Эдуард басшылық етсе, 12- сін Уэльс ханзадасы басқарады. 1786 жылы Орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде Орденнің басшысы мен он екі канонигі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың грамматикалық табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, мәселе толық және жан-жақты шешілді дей алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлем – біртұтас жүйелі құбылыс. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқанымен, олардың функциясында ортақ жайттар көп. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы осындай өзгешеліктердің сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық арақатынасын анықтау бітіру жұмысымның өзектілігін дәлелдей алады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдер жүйедегі грамматикалық тұлға ретінде аталып жүр, оларға анықтама беріліп, жасалу жолдары көрсетілгенімен, функционалдық тұрғыдан толықтай зерттелмеген. Қарсылықтық сөйлемдердің қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас атты түрлері әбден жіктеліп, орныққан десек те, құрмаластың осы екі түрінің арасындағы өзгешелік бар ма, жоқ па, болса қандай деген мәселе әлі күнге дейін айтылмай келеді. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің өз ішінде де түгелдей шешімін таппаған түйіндер баршылық. Мысалға қарсылықтық қатынасты тудыратын жалғаулықтар туралы айтқанда қарсылықтық жалғаулықтардың бір-бірінен семантикалық ерекшелігін, жұмсалуындағы өзгешеліктерін айтуымызға болады.
Қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің сипаты туралы тіл білімінде алғаш А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты кітабында айтылады. Содан бері жарық көрген еңбектерде, зерттеу мақалаларында қарсылықты сабақтас сөйлемдердің сипаты мен оларды жасайтын формалар берілген. Бірақ қарсылықты сабақтастардың даму тарихы туралы бірізді пікір жоқтың қасы. Біздің ойымызша, қарсылықты сабақтастарды жасауға қатысатын формалардыңи даму тарихын саралап ашуды және де сөйлемдердің контексте түрлі болып келетініне қарай оларды бірнеше мағыналық қатынастарға бөліп көрсетуді қажет етеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі байланыстырушы қайталама амалдардың сипаты туралы да айта кету жөн деп ойлаймыз. Себебі байланыстырушы қайталама амалдар салаластық, сабақтастық қазақ тілінің жүйесінде тек грамматикалық білім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқандығын ескертетін процесс.
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық функционалдық арақатынасы. Қарсылықтық қатынас деген жалпы мағына, ол табиғаттағы, болмыстағы қарама-қарсы әрекеттерді, процестерді не болмаса адамдардың тікелей қатысуымен болған әрекеттердің қарама- қарсылығын баяндайды. Бұл байланыстардың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс тауып, олар қарсылықтық құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр.
Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан екі түр арқылы беріледі. Олар қарсылықтық салалас сөйлемдер мен қарсылықты сабақтас сөйлемдер.
Алғашында «қайырыңқы», «ереуіл» деген атпен танылған қарсылықтық салалас сөйлем құрамындағы жеке сыңарлар бір-біріне қайшы мәнде тұрады, яғни бірінші компонентте айтылған оқиғаға екінші компоненттегі оқиғаға қарсы келіп отырады. Бұл қарама-қарсылық баяндауыш формасының сипатына және де бірақ, алайда, ал, әйтсе де, сөйтсе де, әйткенмен, т.б. қарсылықтық жалғаулықтардың қызметіне сүйенеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі
Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері

Кіріспе
Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді:
– түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау;
– сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
– сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
– синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
– түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
– аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

9-сыныпта стилистиканы оқыту

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
Курстық жұмыстар
Толық