Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

 Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

Мазмұны

КІРІСПЕ
I. ҚАРСЫЛЫҚТЫҚ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ,
ЗЕРТТЕЛУІ
II. ҚАРСЫЛЫҚТЫҚ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР,
ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЖАСАЛУЫ, ТҮРЛЕРІНІҢ ЖҰМСАЛУ
ЕРЕКШЕЛІГІ
III. ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС
СӨЙЛЕМДЕР, ЖАСАЛУЫ, ЖҰМСАЛУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың грамматикалық табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, мәселе толық және жан-жақты шешілді дей алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлем – біртұтас жүйелі құбылыс. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқанымен, олардың функциясында ортақ жайттар көп. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы осындай өзгешеліктердің сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық арақатынасын анықтау бітіру жұмысымның өзектілігін дәлелдей алады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдер жүйедегі грамматикалық тұлға ретінде аталып жүр, оларға анықтама беріліп, жасалу жолдары көрсетілгенімен, функционалдық тұрғыдан толықтай зерттелмеген. Қарсылықтық сөйлемдердің қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас атты түрлері әбден жіктеліп, орныққан десек те, құрмаластың осы екі түрінің арасындағы өзгешелік бар ма, жоқ па, болса қандай деген мәселе әлі күнге дейін айтылмай келеді. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің өз ішінде де түгелдей шешімін таппаған түйіндер баршылық. Мысалға қарсылықтық қатынасты тудыратын жалғаулықтар туралы айтқанда қарсылықтық жалғаулықтардың бір-бірінен семантикалық ерекшелігін, жұмсалуындағы өзгешеліктерін айтуымызға болады.
Қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің сипаты туралы тіл білімінде алғаш А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты кітабында айтылады. Содан бері жарық көрген еңбектерде, зерттеу мақалаларында қарсылықты сабақтас сөйлемдердің сипаты мен оларды жасайтын формалар берілген. Бірақ қарсылықты сабақтастардың даму тарихы туралы бірізді пікір жоқтың қасы. Біздің ойымызша, қарсылықты сабақтастарды жасауға қатысатын формалардыңи даму тарихын саралап ашуды және де сөйлемдердің контексте түрлі болып келетініне қарай оларды бірнеше мағыналық қатынастарға бөліп көрсетуді қажет етеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі байланыстырушы қайталама амалдардың сипаты туралы да айта кету жөн деп ойлаймыз. Себебі байланыстырушы қайталама амалдар салаластық, сабақтастық қазақ тілінің жүйесінде тек грамматикалық білім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқандығын ескертетін процесс.
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық функционалдық арақатынасы. Қарсылықтық қатынас деген жалпы мағына, ол табиғаттағы, болмыстағы қарама-қарсы әрекеттерді, процестерді не болмаса адамдардың тікелей қатысуымен болған әрекеттердің қарама- қарсылығын баяндайды. Бұл байланыстардың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс тауып, олар қарсылықтық құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр.
Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан екі түр арқылы беріледі. Олар қарсылықтық салалас сөйлемдер мен қарсылықты сабақтас сөйлемдер.
Алғашында «қайырыңқы», «ереуіл» деген атпен танылған қарсылықтық салалас сөйлем құрамындағы жеке сыңарлар бір-біріне қайшы мәнде тұрады, яғни бірінші компонентте айтылған оқиғаға екінші компоненттегі оқиғаға қарсы келіп отырады. Бұл қарама-қарсылық баяндауыш формасының сипатына және де бірақ, алайда, ал, әйтсе де, сөйтсе де, әйткенмен, т.б. қарсылықтық жалғаулықтардың қызметіне сүйенеді.
Бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама- қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдерді қарсылықты сабақтас құрмалас деп атаймыз. Бұл сөйлемдерді жасауға есімше, көсемше, шартты райлы етістік формасына түрлі дәнекерлер қосылу арқылы жасалады. Зерттеу жұмысымның нысаны – осы амалдар және олар арқылы құрылған қарсылықтық құрмалас сөйлемдер.
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу нысаны болған қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің жасалуын, жұмсалуын көрсетуге негіз болған сөйлемдер қазақ әдебиетінің классик жазушылары М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің және І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, А.Нұрмановтың, С.Мұратбековтің, Ә.Таразидың, З.Қабдоловтың шығармаларынан алынды.
Ғылыми жаңалығы. Тіл білімінде айтылып жүрген қарсылықтық құрмалас сөйлемдер білдіретін қарсылықтық қатынас жалпы мағына, оның конкретті көріністерін тілдік деректерге сүйене отырып ашуымыз керек. Яғни, қарсылықтық қатынастың қай түрі обьективті қатынасты көрсетеді, қайсысы табиғат, болмыстағы, не адамдардың іс-әрекетінің қайшылығын, қарама-қарсылығын көрсетеді. Бұл – бір.
Екінші, қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдердің байланысу амалдарына байланысты ерекшеліктерін ашу. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемді ұйымдастыратын амалдар білдіретін жалпы қарсылық мағынасына қарай бір болғанымен, семантикасында, контекстегі қолданылу ерекшелігіне қарай бірдей емес, өзгешелік байқалады. Оларды бірінің орнына бірін жұмсауға келмейді.
Үшіншіден, қарсылықты сабақтастың даму ерекшелігі, грамматикалық түрлерінің қызметі, олар білдіретін мағынасы, бір-бірімен байланыстылығы жайында сөз еттік. Қарсылықты сабақтас сөйлемдердің грамматикалық формаларына талдау жасалып, олардың жұмсалуындағы ерекшеліктеріне талдау жасап, статистика жүргізіп ашып көрсеттік. Әр форманың қолданылу ерекшелігіне байланысты оларды іштей мағыналық топтарға, қарсылықтық қатынастарға жіктеп көрсеттік.
Төртіншіден, қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтастың функционалдық арақатынасын анықтадық.

I. ҚАРСЫЛЫҚТЫҚ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЗЕРТТЕЛУІ

Қарама-қарсылық немесе «терістеу заңы» - диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Қоғамның субьектісі ретінде адам айналасында болып жатқан құбылыстарды тек бақылап қана қоймайды, оған ықпал етеді, тікелей қатысады, қабылдайды. Қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалар туралы көрген- түйгенін ой елегінен өткізеді, баяндайды, ол туралы көзқарасын білдіреді, мақұлдайды не терістейді. Адам мен қоғам арасындағы осы байланыстың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс табады. Қазіргі қазақ тіл білімінде мұндай сөйлемдер «қарсылықтық құрмалас сөйлемдер» деп аталады. Бүл сөйлемдердің компоненттері бір-біріне қарама-қарсы әрекеттерді, оқиғаларды баяндайды.
Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне қарай мынадай екі түрлері арқылы білінеді:
1. қарсылықтық салалас сөйлемдер;
2. қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер.
«Қарсылықты салалас сөйлемдерде алдыңғы сыңарында айтылған жайға екінші сыңарында баяндалатын жай қарама-қарсы мағынада жұмсалады және конструкцияға қатысатын компоненттер баяндауыштары түгелдей тиянақты формада қатысады. Олардың арасындағы синтаксистік байланысты жүзеге асырып, қарама-қарсылық мағынаны айқын білдіруге, кейде оны күшейтуге қызмет етіп тұратын жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, солай болса да, сөйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, ал» [1.693]
Бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама-қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдер қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің жасалу жолдары әр алуан болып келеді. Олар төмендегіше:
1. Шартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. Бұл жолдың өзін екіге бөлуге болады:
1) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасында (-са, -се) тұрады;
2) Шартты райлы етістікке да, де дәнекерлігі қосылады. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаудың бұл жолы - ең көне, әріден келе жатқан жол.
2. Есімше арқылы құрмаласу. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы етістіктің өткен шақ есімшесіне көмектес септігінің жалғауы жалғану арқылы жасалады.
3. Көсемше арқылы құрмаласу. Қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауышының бұл жолы әрдайым күрделі келеді де, көсемшенің -а, -е жұрнағы оларға бірдей жалғанып отырады.
Қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жағынан осылай алшақ, бірақ білдіретін мағыналық қатынасы жағынан біріне-бірі вариант болып, жарыса жұмсалады.
Осы жағдайға қарамай және салалас құрмалас сөйлемдердің сабақтастардан көп бұрын қалыптасқанына қарамай қарсылықтық құрмалас сөйлемнің қарсылықты бағыныңқылы сабақтас түрлері сөзде озық жұмсалады.
Зерттеу жұмысымның мақсатына орай статистикалық әдісті қолдана отырып, қарсылықты қатынасты көрсететін тұлғалардың қолдану ықтималдығын көркем әдебиеттегі тілдік мәліметтер негізінде сараптау барысында қарсылықтық сабақтас сөйлемнің қарсылықты салаласқа қарағанда қолдану ықтималдығының жоғарылығы анықталды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 020



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі