Осыдан жиырма жылдай бұрын, қазақ әдебиетінің ұлы көшіне біраз даңғаза – дабырмен жамырай келіп қосылған бір топ талантты замандастар ортасынан бұйра бас, қара торы, өңді өспірім жігіт бірден жұрттың назарын аударған еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің биязы мінезі дәлелді пікірлеріне.....
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза-Әлі (1935 жылы туылған) – ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген (1958). 1958 – 93 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Мырзалиевтың «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961), «Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964) атты кітаптары қазақ балалар.....
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан салҚожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан.....
Ғафу Қайырбеков (15 тамыз 1928 Қостанай облысы, Торғай (ауыл, Жангелдин ауданы)) – 1994) – ақын.
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары......
Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы дүниеге келіп, 1889 жылы өмірден озды. Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты.
Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен......
1946 жылғы 3 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туылған. ҚазҰУ-дің филология факультетін бітірген. Мерзімді баспасөзде, «Жазушы» баспасында, Қазақ телеайнасында қызмет істеген. 1976 жылдан бастап еркін шығармашылықпен айналысқан. Оның алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ......
Ақсұңқарұлы Серік 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде.......
ӘзірбаевКенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі. Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі КененӘзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.
КененӘзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Әр жырды әуелі ата анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл» ,«Қайран елім»......
ӘсетНайманбайұлы (1867–1922) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Қарқаралы уезінің Темірші болысының 8-ші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Ол Зейнолла имамның медресьесінде оқып, арабша жетік білген. Ата-анасынан ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтысқа түскен......
ТастанбекқызыСара (1878–1916) – айтыскер ақын. Туған жері – қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы – Найман.
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы — тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып.......