Экономика | ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

К І Р І С П Е
Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру – меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды – жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жалдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас қалыптасты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы