Жүректің өткізгіш жүйесі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика
Сабақ тақырыбы: Жүректің өткізгіш жүйесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүректің өткізгіш жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;
Жүрек автоматиясы механизмі туралы түсінік қалыптастыру;
Бір жүрек циклінің электрокардиограммасының PQRST тісшелерін сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Жүректің өткізгіш жүйесін сипаттайды;
Жүрек автоматиясы мезанизмін сипаттайды;
Электрокардиограмма тісшелерін белгілей отырып жүрек жұмысының жүрек жұмысының сызбасын құрастырады;
Сау адамның және денсаулығында ақаулығы бар адамның жүрек электрокардиограммасын ажырата алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жүректің өткізгіш жүйесі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика. Мектеп:
Сабақ тақырыбы: Жүректің өткізгіш жүйесі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • Осы бөлімде оқушылар электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсінеді.
Сабақтың мақсаты: Электрокардиографияның және электроэнцефалографияның мәнін түсіндіру....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық ойлары осы бір
ұлы мамандықты игерген әрбір ұстазға арналады. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн - Ана. .....
Эсселер
Толық

Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
Эсселер
Толық

Қайсар жүректі солдаттарым

1941 – 1945 жылдар барша қазақстандықтар үшін өкініш пен жұбанышқа, қайғы мен қасіретке толы кезең ретінде мәңгі есте қалады. Келешек ұрпақтың жарқын, тәуелсіз болашағы жолында аға – әпкелеріміз сұрапыл соғысқа қатысып, жанкешті ерлік көрсетті. Жеңіс туын желбіретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің батыр ағаларымыздың асыл арманы болатын. Жеңісті жақындатуда қаһармандық пен қайсарлық танытып, елжандылық пен елдіктің символына айналған ұлы бейне Бауыржан Момышұлы сұм соғыста еліне деген асқан сүйіспеншілігі мен жеріне деген шексіз құштарлығының арқасында жауға тойтарыс бере білді. 1941 жыл. Ызғарлы қыс. Түн. Волоколам тас жолы. Қарға омбыған бір топ әскер жер бауырлап, бір ізбен алға жылжып келеді. Осы әскерді үстіне қалың тоңды бүркене киген, мылтық асынған, сұсты командир басқарып тұр. Бұл жерде жаңа ғана қанды шайқас болып өтті. Анадай жерде қалпағын мұз басқан, кірпігін қыраудан аша алмай отырған сержант радио арқылы штабпен байланыса алмай жатыр. Қаһарлы қыстың әсерінен батальоннан 3 күн бұрын байланыс үзілген. Тіпті, «Батальон жау қолында қаза тапты» деген сыбыстар да ел арасында тарап кеткен. Анда – санда командир : « Бір солдат мың қолға татиды, берілмейміз! » - деп өз әскеріне рух беріп қояды. Солдаттар мұндай рухты сөздерді естігенде бойларына жылу барып, қандары тулап бір – бірлеріне қарап, «Біз жеңеміз!!!» дегендей болады. Бұл командир – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының батальонды басқарып келе жатқанына 3 күн, 3 түн болды. Бауыржан Момышұлы бір сәтте қалың ойға шомып, кері шегінудің жоспарын құра бастайды. «Эх, мына соғыс тым ұзаққа созылып кетті.....
Шығармалар
Толық

Исаев Ерғали (Жаным менің)

Жаным менің жаным менің тынышталсын
Махаббаттан жүрегім тыныштаталсын
Қайғыдан қан жұтып жүргенімді
Біліп тұрып неге сен қазбалайсың
Білесіңбе жаным сеніғана сүйгенімді
Сен маған қарай келесіңбе
Жүрегіме жылуыңды бересіңбе
Сен жоқта жүректің дүрсілі тақтайтынын
Сен жоқта қайғылан қан жатамын
Сен осы сөзіме сенесіңбе
Сен осыны естісең келесіңбе жаным
Өлеңдер
Толық

Қиын заман

Қазір заман қиын заман бәріне
дағдарыспен арпалысқан бәріде,
бұрын соңды көрмедік қой бұндайды
уайымсыз жүрдік қой біз өмірде.

Қазіргінің азып кеткен адамдарды
барма ішінде шаны....
Өлеңдер
Толық