Кенен Әзірбаев (Жамбыл-жыр)

[quote]Жамбылды Жамбыл десем, кім білмейді,
Өлеңнің ордасына кім кірмейді.
Елу жыл ертіп жүрген ардақты ата,
Домбыраң құлағымда күмбірлейді.
...Бір күні Жамбылды ойлап қиялдадым,
Көз ілмей, төсегіме сия алмадым.
«Кененжан» .дейтін сөзі еске түсіп,
Өзімді-өзім сөгіп, ұялғаным.........[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)

[quote]К е н е н:
Ақынның асқан алыбы,
Халықтың болған тарихы,
Сәлем бердік о, Жәке,
Москва барып қайтқанда,
Кеудеңе орден таққанда,
Шаршап келіп тынығып,
Өз үйіңде жатқанда,
Келіп тұрмын о, Жәке,
Орденіңді құттықтап,
Қуанғаннан кеп едім.
Тәуірмісің о, Жәке,
Көрісейін деп едім!
Отан қамын тіледің,
Халық үшін жүрегің,......[quote]
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Балама хат)

Хатыңды, ботам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман:
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасқарған......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Алатау)

Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Балаларға)

Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Бата)

«Әумиін» деп қолынды жай,
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Жаз)

Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып, жер айналып жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған,.....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)

Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,
Қиялы қияға өрлеп қанаттанып,
Жазылып бүкіш белі қуаттанып,
Туған ел сәулетімен санаттанып!
Қолға алып домбырасын жаны жайнап,
Сталин дәуірінде талаптанып,
Ән шырқап шарықтаған сағатында,
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып,
Ардақты ел, ер туғызған алтын бесік.....
Өлеңдер
Толық