Қоныс тойы құтты болсын! Іші тек құтқа толсын! Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!
Судың құпиясы
Біле білсеңіздер, су ежелден-ақ құпиясы көп, жұмбаққа толы ерекше сусын. Бүгінгі біздің айтқалы отырған суымыздың құпиясын біреу білсе, біреу білмес. Ерте заманда суға құрмет көрсетумен бірге оған құдайдай сыйынған. Грек мифологиясында су құдайын Посейдон деп, ал Римдіктер Нептун деп атаған. Біраз жылдар бұрын бір бөлменің ішінде немістер соғыс ұйымдастырып жанындағы адамдар оны талқылауға көшкен. Сол жерде мынадай сұрақ қойылады: Адамдарды қалай тез арада қырып, жоюға болады?