Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы

Кiрiспе
Бюджет - мемлекеттiк билiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын құру және жұмсау түрiн бiлдiредi. Бюджеттiк қатынастардың объективтiк сипаты мемлекеттiң қолында мемлекет үшін маңызды мiндеттердi шешуге қажеттi Ұлттық еңбек бөлiгiн мемлекет жолына шағындандыруымен бюджеттiк қатынастың объективтiк сипаты болып келедi.
Бюджет екi бағытта әрекет етедi:
1) ел экономикасын басқарудың, жоспарлаудың, реттеудiң(немесе қажет болған жағдайда аймақтық өзiн-өзi басқаруына қажет болған жағдайда) экономикалық темптiгi ретiнде;
2) территория мен сала арасында Ұлттық табысты тарату оныңкөмегiмен жүзеге асырылатын ақша қатынастарын Ұйымдастыру және қаржылық ресурстарды басқару механизмi.
Бiрiншi бағыттағы бюджеттi қолдану, бұл бюджет ел немесе аймақтық қаржылық жоспары екендiгiн бiлдiредi.
Екiншi бағыты - бұл бюджеттiңмемлекеттiңқаржылық жүйесiнiң тобы екендiгiн бiлдiредi. Бюджеттi қолдану мемлекеттiң қаржылық саясымен айқындалады, бюджеттiк саясат оның бiр бөлiгi болып келедi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдарды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық заңы | МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

І КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.
Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
 салықтың маңызы мен мәнін ашу; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджет және оның экономикалық мәні

КІРІСПЕ
Өкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету. және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура

Кіріспе
Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі дегейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджет

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің егемендік алғаннан бергі 15 – шақты жылдың ішінде экономикамызбен әлеуметтік өмірімізде болып жатқан оңтайлы өзгерістер мен қол жеткен табыстарды сөз еткенде, ең алдымен мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау, екіншіден оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатына пайдалану мақсатымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастары екені көрсетуіміз керек.
Мемлекеттік бюджет жүйесі қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау

Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс - әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық