Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау казакша Курстық жұмыс: Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ
1 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ…………....……3
1.1 Жергілікті бюджеттік жүйенің құрылымы мен принциптері……………….3
1.2 Жергілікті бюджеттің ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері………...22
2 ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚР ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНІҢ БАСҚАРЫЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ…………………………………………………………………………...29
2.1 Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктері (ШҚО Бесқарағай ауданы бойынша)…………………………………………….29
2.2 Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайындағы жергілікті бюджеттің орны (ШҚО Бесқарағай ауданы бойынша)………………….......….39
3 АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ...............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.1 Жергілікті бюджеттік жүйенің құрылымы мен принциптері

Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс - әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс - әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категорияларөз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс – мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс – жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс - әрекеттерінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсінуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым – қатынастың белгілі формалары. [1]
Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады.
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға - жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпымемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпымемлекеттік қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының кәзіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісін тапқан.
"Бюджеттік бөлініс" салықтар мен алымдардың әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылды. Бұл өкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджетер болған еді, 1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер - селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.
Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді.
Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айрықша мәнділікке ие болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.
Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді.
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:
1. билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
2. Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.
Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60% қайта бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:
1. олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);
2. жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;
3. тұтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Кәзіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:
1) дағдарыстан шығу жене тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;
2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.
Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.
Қаржы қатынастарының әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.
Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бектіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.
Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықта болатын бірыңғай шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Аймақтық ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.
Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай-күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының кәзіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік-шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтық экономикалық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.
Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.
Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік.
Оперативтік-шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50% кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бектіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу "фискалдық федерализм" теориясы негізінде жүзеге асырылады.
Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік құрылымдар) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша занды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:
1) мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;
2) басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;
3) әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;
4) биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;
5) билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;
6) мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттарды жұмсауға бақылау жасаудың нысаны.
Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға салынатын салық) белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.
Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымның мәні сақталған кезде "фискалдық регионализмге" ауыстырылуы мүмкін.
"Бюджеттік реттеу" аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін беру жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты "бекітілген" және "реттеуші" кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей тұрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 20 | 18.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік  қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің қолданылуы және жұмыс істеу жағдайлары
Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттің Кәсіпорын қаржысына тигізетін әсері мен маңызы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттің Кәсіпорын қаржысына тигізетін әсері мен маңызы
Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
Дипломдық жұмыс: Қаржы  | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау, курстык ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыс, Курстық жұмыс: Экономика | ҚР жергілікті бюджетінің басқарылуы мен қалыптасуын талдау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін