Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969).
1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды. 1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. 1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы. 1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды. 1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.....
Сабақтың тақырыбы: 3х10 метрге қайталал жүгіру. Сабақтың мақсаты: 1) Жүгіру әдістерін үйрету. 2) Жылдамдық сапасын және қимыл-қозғалыс ойынында ептілік қабілеттерін жетілдіру. 3) Ұстамдылыққа, жігерлілікке және төзімділікке тәрбиелеу. Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт кешені. Керек құрал-жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, кубиктер.
Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна, Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы
Сөйлеу –күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым-қатынас құралдарының қызметін атқарады.Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу «Тіл-унитарлық дағды емес, тіл-қабілеттердің кешенді конфигурациясы.» Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл- лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәрежесі мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі.Бұл жағадайда....
Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы, Келеді наурызда елдің жазы. Алабын Көлборсының сулар алса, Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы. Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға, Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы. Көлдерге ат ойнатып......