Жолбарыс

Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.

Тақпақтар
Толық

Сатиралық ертегі: Барыс, тарыс

Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады:
– Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып, күйеу келді деп хабар бер, – дейді.
– Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді.
– Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді.
– Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп, кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол ауылға:......
Ертегілер
Толық

Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақстан барысы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Оқылым мәтінінен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіре білуге үйрету......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қар барысы – сұлу аң (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы:Қар барысы – сұлу аң
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
Сабақтың мақсаттары:Табиғатты сипаттап жазуда эссе құрылымын сақтайды және өз жазылымында сипаттау мәнді сөздермен қатар, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана алады. ...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тарих | ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС

Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген .Қыпшақ тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы \Дамаскіде\ қайтыс болған. Ол Египет пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277 жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында \118 крестшілер\ мен монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы \175 реформатор\ кейпінде де атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан "Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы - \226 фольклордың\ озық шығармасы болып табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер халық көп жиналған алау маңында айтып беретін.
1242 жылы монғолдар қыпшақ жерін жаулап алғаннан кейін бозбала Бейбарыс тұтқындалып, басқа да руластарымен бірге құлдыққа сатылып кеткен болатын. Түркі тілінде сөйлейтін жалдамалы әскерлер мұсылмандық |Жерорта теңізі бойындағы елдердің әскерінің қомақты бөлігін құрайтын жєне олардың құны үлкен ақша тұратын. Өмірдіњ әр түрлі тәлкегінен өткен Бейбарыс, Египет сұлтаны Ас-Салах Нажім-ад-Диннің қолына түседі. Оны сұлтанның өзге де әскерлерімен бірге, Ніл өзені бойындағы бір аралда ұстайды. Ол осы жерде өзінің қайсарлығы мен қаруды жақсы қолдана алатындығымен көзге түседі. Ол аралдағы әскери өнер мектебін бітіргеннен кейін, шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түседі. Бейбарысты соғыстағы ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін сұлтанның күзет бастығы етіп тағайындалады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.

Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: "Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген. Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды.
Тақырыптың мақсаты: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері

Кіріспе
Мектепте оқытылатын тарих пөні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орының атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бейткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала мөжелеу жөнінде аса жауапты міңдеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны — мектеп. Ол пәнді оқытатын — тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады.....
Курстық жұмыстар
Толық