Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. ....
Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Мектепте жүйелі оқытудың бастамасы баланың алдына жаңа тапсырмаларды сонымен қатар стрессогендік фактор болып табылады.Оқу процесінде баланың функционалды мүмкіндіктерін және психикалық процестердің мүмкіндіктерін анықтайтын физиологиялық механизмдерін мәні мектепке бейімделудің маңызды шарты болып табылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың миының функционалды ерекшеліктерінің жағдайы. Бала миының функционалды мүмкіндіктерін сипаттайтын ақпараттық көрсеткіштері болып ЭЭГ-де белсенділік формасын доминанттайтын альфа-ритм құрылуы болып табылады.ЭЭГ анализінің құрылымды әдісі қалыпты дамыған және 7-8 жастағы үлгерімі жақсы оқушылардың көбінде альфа-ритм жүргізу жиілігі 9 Гц болатын регулярлы сипатқа ие екенін көрсетті.Альфа –ритмнің регулярлы сипаты мидың құрылымдық – функционалды ұйымдастырушылық торшаның нейрондық аппаратының торша -торша асты өзара әсерге рөлінің күшеюіне бағытталған сапалы қайта құрылуын бейнелейді.Кіші мектеп оқушыларының маңызды ерекшелігі -осы жас этапының 1-1,5 жыл ішінде қол жеткізген жетістігінің үлкен индивидуалды темп дамуының шашыраңқылығы болып табылады.Балалардың көбінде альфа-ритм құрылуындағы мәнді қозғалыстар 5-7 жаста болады,кейбірінде оның құрылуының белгілері 7 жаста көрінбейді,мұндай ритмнің сипаттамасы 5-6 жастағымен сәйкес келеді.Үлкен жарты шарларда торшаның дамуында кемшілігі бар балалар оқу процесінде қиындыққа тап болады.Құрылымды-функционалды кезең қиылысы жасандылығымен,ішкі әсерлерге жоғарғы сезімталдығымен сипатталады және бейімделудегі гомеостатикалық механизмге салмақ түсуге әкелетін үлкен энергетикалық күш талап етеді.Мұның көрсеткіші ретінде 1 сынып оқушыларының 1 жыл ішінде үлкен жарты шарлары торшасының құрылуы көрсеткішіндегі тұрақсыздықты айтуға болады,әсіресе жетілмеген балардағы көріністе байқалады.Кіші мектеп жасының соңына қарай 9-10 жаста функционалды жағдай тұрақталады,альфа-ритмнің негізгі сипаттамасы бүкіл оқу жылында тұрақты болып қалады. ....
Қазір Капшағайла жылына 4-5 мың тонна балық ауланады. Бұқтырмала көксеркенін (судақтың) өзі мың тоннаға дейін ауланады. Шардарада да сондай. Соңғы кезде ихтиолог-ғалымдар бұрын балық өсірілмеген 250 мың гектар су алқабын зерттеді, қазір оларда амур және дөңмайдан (толстобик) секілді балықтар өсіріледі. Суда шөп қаптап кетсе, ол жерге дөңмайдан сияқты шөп жейтін балық жіберіледі. Көксерке, шортан — ұсақ балықтарды жейтін жыртқыштар. Шортанға өз алдына жеке су қажет. Ғалымдар соның барлығын реттеп отырады. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды әрмен қарай жалғастыру қажет. — Биыл еліміздің ғылымында түбегейлі реформалар басталды. Мақсат — биотехнология, нанотехнология, ғарыш саласы, атомдық технология және геология мен кен байлықтарын зерттеу сияқты бес салаға айрықша басымдық беру. Десе де, ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығы, медицина және экология сияқты маңызды салалар ескерусіз қалып, таңдалып алынған салалар өзге ғылым салаларының аясын тарылтып тұрғандай. Мұның астарында ел мүддесінен гөрі, жекелеген топтардың мақсаты басымдау көрінеді маған. Біздің ел — аграрлық мемлекет. Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады және олардың негізгі кәсіптері егін егу, мал бағу және балық аулау. Ауылда тұратын жеті миллион халықтың шамамен жарты миллионы балық аулаумен нан тауып отыр. Қазақстан бидай өсіру мен оны экспортқа сатудан дүние жүзінде алдынғы бестікке кірсе, бекіре тектес құнды балықтың әлемдегі қоры жөнінен алғашқы үштіктен орын алады. Ел халқының жартысының тіршілігіне тікелей қатысы бар осы салалардын, басымдық берілуге тиіс ғылымдар тізімінен тыс қалуы бұл реформаның мәнін төмендетіп жіберген сыңайлы. Болашақта жаңа реформа елдің стратегиялық мәселелерін шеше алмауы мүмкін. Жалпы қазаққа пайдасы жоқ мұндай реформаның елге қажеті бола қояр ма екен?.. Реформа кұрдымға кетпеу үшін қазақтық төл кәсібі — ауыл шаруашылығын міндетті түрде басымдық берілген ғылымдар қатарына енгізу қажет.....
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.). «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп. Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ. А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48). Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.....
Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде: С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. ....
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. ....
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. ....
Қаржыландыру, мұның қайтарымы ақша айналымынан түсетін қаржы болып табылады. Ол шевестициалық жобаны дұрыс ұйымдастыру арқасында жүзеге асады.Онығ кепілі ретінде жобалық тек заттай құндылық емес сонымен бірге құрлыққа қатынасушылардың арасындағы келісім шартқа негізделген құқықта болады. Осы орайда ережеге сәйкес, жобаны жүзеге асыратын компания құрылады, оның функциясы ретінде негізгі кәсіпкер рөлін орындау болып табылады. Бұл жағдайда демеушілер міндетті түрде несиелік ресурстарды алу үшін кепілдік бермейді, сондықтан мұндай қаржыландыруды регрессіз қаржыландыру деп атайды. Басқа жағдайда демеушілер мынадай кепілдік береді: құрылысты сияқтау кепілдігі:....
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер); 5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған; 7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады. Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр. Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толыгымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі. Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануьша әсерін шгізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез менгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардьщ арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуьша кері әсерін іигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулсрінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы үйымдастыруды талап етеді. Медицииалық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.....