Педагогика | Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуы

Педагогика | Мектеп жасына дейінгі  және бастауыш мектеп жасындағы   баланың іс - әрекетінің дамуы

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде, көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасый да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі — оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де түрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі, Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы — бала ұжымын құрастыруга таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ максатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына есбін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-қүлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т. б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыш-тығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен есімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Сондықтан да мүндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттірдің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?