Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.
Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді". .....
Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып қайтайық", — деді.
Тәрбие завучы жасы үлкен кісі еді. Мұның мектептегі оқушы кезінде осы саланы басқаратын. Сондықтан ба келе жатып: "Енді осындай іс-шаралардан қалма, араласып тұр", — деді.
Кездесу соғысқа қатысқан кісілермен болғалы жатыр еді. Осындай сыныптан тыс іс-шараларды тәрбие завучы белгілейтін. Сынып жетекшілерге тапсырмалар береді. Өзі өтіліп жатқан іс-шараларға қатысып отырады. .....
«Кобзардың жалынды гуманизм мен бостандықты аңсауы, өз халқына деген перзенттік адалдығы, бауырмалдығы, әділдігі адамдарға шексіз қымбат. Ақынның колониализм мен милитаризмді әшкерелеуі, қырсық пен қанаушылықтың қандай түріне болсын ерлікпен қарсы күресуі, өзінің шыншыл да жалынды жырларымен адамдарды жігерлендіруі бізге бұл күнде соншалықты жақын және қымбат». Кезінде «Правда» газетінде Тарас Шевченконың шығармашылығы жөнінде қалам тартқан сыншы О.Гончардың «Бессмертие Кобзаря» атты мақаласынан алынған осы жолдарды қазақ әдебиетінің асқар шыңы, классигі Абай Құнанбаев пен жерлесіміз, тарихшы, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің партия тақырыбына жазған өлеңдеріне шолу жасау кезінде бір жазып, бір өшірдім. Оған себеп кейінгі кезде кейбір зиялылардың: Сендер Абайды қазақтың Пушкині дейсіңдер, сөйтіп Абайдың қадірін қашырасыңдар, одан да Пушкинді қазақтың Абайы десендер өмір бойы өзгелерге кетіп келе жатқан есеміз сәл де болсын қайтып, еңсеміз бір тіктеліп, елдігіміз айдай әлемге айшықтана түспес пе еді деген пікірлері еді.
(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды)
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым әдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Әдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар!
Тіл-әдебиет бір миллет үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында әдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фәһәрісті» ғана жазамын:
Тіл-әдебиет бір миллеттің жаны һәм рухы-дүр.
1) Сәне ғалия топлы қағидалы бір әдебиетке мәлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр. .....
1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағ- дыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қол- данылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, .....
1 - Әлібби түзеу деген түрік жұртында көптен келе жатқан мәселе. Мәселе қозғалғаннан бері түрік әліббиінің түзелген жақтары да бар. Түрік әліббиінің түбі арабтан шыққанмен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны, араб әліббиі демей түрік әліббиі деймін.
2 - Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліббиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден өзгертіп алған әлібби иауропа жұрт- тарының тұтынған әліббиінің түбі көне семит әліббиі. Көне семит әліббиін өз тіліне үйлестіріп пінікіие жұрты алған; Онан грек алған, гректен латын, иаурыпа жұрттары алған. Түрік әліббиінің түбі де көне семит әліббиі. Онан көпеліктер алған, көпеліктен араб өз тіліне үйлестіріп алған, арабтан иран, түрік жана басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліббиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған, өз тілінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған, тіліне әліббидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса әріп қосып толықтырған, дәл келмеген әріптер болмаса, оның не түсін өзгертіп, не дыбысын өзгертіп алған. Сондай өз тіліне икемдеп өзгеріс жасап алған әліббилеріне әр қайсысы өз аттарын қойып латын әліббиі, орыс әліббиі дегенде, түрік өз тіліне үйлестірген әліпбиін түрік әліббиі деп, қазақ онан өз тіліне үйлестіріп алған әліббиін қазақ әліббиі деп атауға жолымыз болуға тиіс. .....
Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.
Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.
Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.
Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.
Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.