Әңгіме: Ахмет Байтұрсынұлы | Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары

Әңгіме:  Ахмет Байтұрсынұлы | Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары казакша Әңгіме:  Ахмет Байтұрсынұлы | Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары на казахском языке


Емле туралы. (Қысқартылып басылды) Емле конференциясы қарсаңында.

Емле негізі 4 түрлі:

1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ);

2) тарих жүйе- лі (негізі дағды);

3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);

4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).

1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағ- дыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қол- данылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың ортасындағы орта таңба болуы мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе дыбысы жоғалып кеткен әлі күнге жоғалмастан сөз ішінде жазылып жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйелі болу-болмауын тағы сөз қылмай өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас еді. 3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыстарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мәселен, ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» деген «ат» деген сөздерді ауыздан шығуынша «қарат», деп жазбай қара ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, «солай болсигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі еді» деп, «болса», «игі», «еді» деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс. 4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екі түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі естіледі (Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз). Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жерлеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарға ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей ауыздан шығуынша жазыл- сын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай дыбыстар ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазылу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады: Тұрғанбай – Тұрғамбай, қонған – қоңған, көнген – көңген, інге – іңге, бара алмайды – баралмайды, келе алмайды – келалмайды, келе алмай тұрмын – келалмайтұрмын, бүрсі күні – бүрсігүні, бұрнағы күні – бұрнағыгүні, жазды күні – жаздыгүні, тұзсыз – тұссыз, бассыз, басшы – башшы, ізші – ішші, қазса – қасса тағы сондайлар. Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық дей аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысы- нан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін. Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы», «атлы», «баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі болсын дегенде «сөзшең» дегенді «шөшшең» деп, «ізшілер», «ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей «ішшілер» деп, «кигізсе» дегенді «кигіссе» деп, «кигізше» дегенді «кигішше» деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса» деп, «сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деушілер, керегіне қарап екеуін де тұтыну керек дейді. Солай дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма? Одан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе-сөздерді қосып жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килігетіндігіне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мәселен: «бара алмайды» дегенді «баралмайды» деп жазу керек дейтін бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы күнге дейінгі тұтынып отырған емлеміздің кемшілігінің бәрін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасынан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін: 1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. 2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу. 3. Үйлестіктен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындар- дағы естілуінше жазылу. 4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу. 5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бәрі де қосарлық (-) белгімен жазылу. 6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады. 7. Үйір айтылатын зат есім мен сын есім бөлек жазылу. Қосынды сөзге айналғандары басқа қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу. 8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу. Мұның әрқайсысын бас-басына баяндасақ мынау болады: 1. «Әрбір түбірлі сөз» дегенде мағана жағынан алмай, тұлға жағынан алып, өз алдына түбірі бар сөзді айтып отырмын. Қазақ тілінде екі сөз, үш сөз, төрт сөз қатта бес сөз бірлесіп, бір ұғым, бір мағаналы болып келуі жиі ұшырайды. Мәселен, «кете берер», «кете берер ме?», «кете берер ме екен?», «кете бере алар ма екен?», «кете бере алмай отырғанымды-ау». Осыларды бірге айтылғанына қарай біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып жазу емлені оңайлатпайды. Сондықтан әрқай- сысын түбір-түбірімен айырып алып, оңаша шығарып айтып, сондағы естілуінше айтамыз. Осылай жазғандар үйренуге де, көз тануына да, басқа түріктер оңай түсінуіне де жеп-жеңіл болады. 2. «Азған сөз», дегенде «үйтіп», «бүйтіп», «сүйтіп», «әйтседе», «әйт- песе», «бұрнағы», «бүрсі», «белбеу» деген сияқты сөздерді айтамын. 256 Сөздің азып өзгеруі бар, айнып өзгеруі бар. Соңғысы дыбысы айнып, бірде олай, бірде бұлай айтылуынан болатын өзгеріс. Солай болған соң күйінде айнымай қалатын сөзді айтамыз. 3. «Үйлестікпен» дүдәмәл естілетін дыбыстар деп б-п-т-д-ж-ш-с-з-ш- з-с-н сияқты айтылуында ұқсастық, үйлестік бар дыбыстар жанындағы басқа дыбыстардың әсерімен күңгейленіп немесе өздері қатар келіп, бірін-бірі күңгейлеп не болмаса біріне-бірі үйлес болған соң бірінің орнына бірін алмастырып айтуы мүмкін болатын орындарды қайсысы екені ашық айтылмайды. Сондай орындарда күңгейленбейтін айқын жерде келтіріп айтып, сондағы естілуінше жазу. Мәселен: «Қасекең сау күндегі әнге басты» дегенде «басты «деген жіктеу жалғауында «т» естіле ме, «д» естіле ме? – дүдәмәл, ашық емес. Қасындағы «с» дыбысының әсерімен күңгейленіп анық естілмей тұр. Күңгейлеп тұрған дыбыстар аулақ, басқа жерге қойып айтып көру керек. Мәселен, «Қас екең сау күндегі әнге алды» десек, қай дыбыс екені анық естіледі сол сияқты септеу жалғаулары да көмескі естіліп, дүдәмәлдік болады. Мәселен: бастың ба? – басдың ба? басты ма? – басды ма? баста ма? – басда ма? бастан ба? – басдан ба? Дүдәмәл, анық емес. Мұнда да әлгідей жалғауларды әсер етіп тұрған дыбыстан құтқару үшін аяғында әсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау керек. Мәселен, балдың, малдың, қардың, қаздың, балды, малды, қазды, қарды, балда, малда, қарда, қазда, балдан, қардан, қаздан. Қай дыбыс екені мұнда анық естіліп тұр. Бұлар үйлер дыбыстар, басқа дыбыстардың әсерімен күңгейленгенде болатын дүдәмәлдік. Енді үйлес дыбыстардың әсерімен күңгейленгенде болатын дүдә- мәлдікті мысалмен көрсетелік: «мылтық атты». Мұнда да жіктеу жалғауы не болатыны дүдәмәл болып тұр: -ты ма? - ды ма? белгісіз, анық емес. «қымыз ашшы», «су кешше», «киім пішше», «құс ұшша», «құлын қашша» аяғына қосылып тұрған рай белгісі дүдәмәл: ше ме? са ма? ша ма? бұлар үйлес дыбыстардың бірін-бірі күнгейлеуінің бір түрі. Бұлардың анығына жету үшін алдыңғы айтылған әдіс істеледі. Мәселен, «мылтық алды» десек, не жалғау екені ашылады. «Қымызға қанса», «су сепсе», «киім кисе», «құс қонса», «құлын қуса» дегенде рай белгісінің қандай екені анық ашылады. Үйлес дыбыстардың бірін-бірі күңгейлегенде болатын дүдәмәлдіктің екінші түрі бар. Олар мынау сияқтылар: «құрған тешше», «басқан ішше», «төккен тұсса», «тұздақ тұссыз», «қазан ашшы», «нан кешші», «көссіз көбелектей», «ішшілер ізіне түсті», «ішшілер ісін тоқтатты», «башшылар баж басты», «башшылар алға түсті». Сөздің бұл жалғауларында емес, негізіне әсер ету, негізін күңгейлеу болғандықтан, сөздің негізін айқын шығарып, айтқандағы естілуінше жазу. Үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі айтылу мүмкіндіктен болатын дүдәмәлдік мынау сияқтылар: Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған-жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, міңген – мінген, сеңген – сенген, күңге – күнге тағысын тағы сондай сөздер. Бұлардың қайсысы дұрыс? Әрине, соңғылары дұрыс. Үйткені, «қорғам», «арғым», «тасқым» деген сөзден шықпағаны, қорған, арғын, тасқын деген сөздерден шық- қаны көрініп тұр. Онан кейінгілеріне келсек, бұларда әсер етіп тұрған «ғ» мен «г» дыбыстары. Олардың әсерінен құтылса болғаны, дүдәмәлдік жоғалады. Мәселен, «қоныс», «қондық», «жону», «жондым», «жанып», «жанды», «көніп», «көнді», «өніс», «өнім», «мініп», «мініс», «сеніп», «сенім», «күнде», «күн- дік» дегенде, дүдәмәлдік жоғалып, «ң» немесе «н» екені анық көрініп тұр. 4. Қосымшалар дегеніміз – жұрнақтар мен жалғаулар. Олар бұрын да солай (бірге) жазылатын. 5. Қосалқы сөздер (демеулер) білімпаздар сиезіне дейін қосарлық белгімен жазылып жүрді. Білімпаздар сиезі бөлек жазылсын дейді. Оқу жағына қолайсыздық ететін болған соң енді қосарлықпен (-) жазылуы қолайланып тұр. Қосарынан айтылатын қос сөз, қосар сөз – бұлар бұрын да қосарлық (-) белгімен жазылатын. Бұлар туралы өзгеріс жоқ. Мәселен: құрт-құмырысқа, бақа-шаян, аяқ-табақ, төсек-орын, бала-шаға, келін- кепшек, қысылып-қымтынып, құрап-сұрап, артып-тартып, ырғап-жырғап тағысын тағы да сондай сөздер бұрын да осылай қосарлық белгімен жазылатын. Қосынды сөз бұрын «Тіл құралда» қос сөздің біріне саналып, жал- қылаушы қос сөз деп атанып келіп еді. Былтырғыдан бері атын ықшамдау үшін, балаларға үйреткенде жеңіл болу үшін қосынды деп атайтын болды. Балалар үшін шығарған «Тіл жұмсар» кітапшаларда солай аталған. Бұлай бір өңкей болса, қосыла жазылатын, бір өңкей болмаса, араларынан қосарлық (-) белгісі қойылып жазылатын. Мәселен, қолғап, жүк-аяқ, төсек-ағаш, тұс-киіз, тұстартпа, келі-саб, балтасап, қаламсап, қаласбас, қазоты, Ақ-төбе, Ақмола, Қызылжар, Атбасар тағысын тағы сондай сөздер. Енді бұлардың бәрі де қосарлықпен (-) жазылады. 6. Жалғаулықтар бұрыннан бөлек жазылатын. Олардың жазылу жағы солай қалады. Мұнда қосымша ескерту есебінде айтылып отырған бөлек жазылуынан басқасы жалғау ережесінше деген сөз. Олай айтылып отырғаны мынау: жалғаулықтардың кейбіреулері алдыңғы сөздің аяғындағы дыбыстың әсерінен жалғауларша айниды. Мәселен «менен», «мен», «бенен», «бен» болып айтылғанда бұлардың арасында дүдәмәлдік жоқ. «бенен», «бен» алдындағы дыбыстың әсерімен «пенен», «пен» сияқты болып естілгенде дүдәмәлдік туады. Сондай жерде анығын жалғаулардың дүдәмәлдігін ашатын жолмен айыруымыз керек. 7. Үйір айтылатын сөздер бұрыннан бөлек жазылатын. Мәселен: бұл ат ала байтал, ақ нар, құла құнан, тоз шелек, жез құман, күміс жүзік тағысын тағы сондай сөздер. Үйір сөзден қосындыға айналған сөздер туралы көрсетілген белгілі жол жоқ еді. Сондықтан бұларды әркім әр түрлі жазуы мүмкін еді. Енді бұларға да тәртіп жасау үшін ашық айтылып отыр. Үйір сөздің қосындыға айналғаны да қосарлықпен жазылады дегенде төмендегі сөздердің төмендегіше жазылуы айтылып отыр: ақ- сақал, ала-бота, сасық-қурай, май-шағыр, боз-жусан, боз-торғай, боз- бұға, қара-құс, көк-құтан, ақ-қу, ала-қарға, қара-қарға, торы-ала қаз тағысын тағылар осылай қосарлық (-) белгімен жазылады. Шырай күшейткіштері деп таңдаулы шырайдың басына сөздің өзінен алып күшейту үшін қосатын буындар айтылып отыр. Мәселен: қып-қызыл, сап-сары, үп-үлкен, ып-ықшам, ып-ыңғайлы, біп-биік, сып-сида, шіп-шикі тағысын тағы сондайлар. Бұлар бұрын да солай жазылатын, қосып жазу керек деушілер болғаннан мұндай сөз болып отыр. 8. Көсемше, көмекші етістіктер бұрыннан жазылатын. Онда өзгеріс жоқ. Тек бір жазу керек деушілер болғандықтан, айрықша сөз болып отыр. Бұған қосымша түрде айтып ескертіп өтетін нәрселер мыналар: 1. Лепестен, лебізден шыққан сөздер шыққан лепес пен лебізіндегі айтылған қалпынан айнымай жазылу. Лепестен шыққан сөздер деп одағаймен бірлесе айтылатын сөздерді айтамыз. Мәселен: «Ой, пәлі», «А, құдай!», «А, пірім-ау!», «А, пірім-ай». Лебізден шыққан сөздер деп «кет әрі», «әпер бақан», «көріпкел», «ұр да жық», «барса келмес», «найзамды әпер», «шаш ал десе бас алар» деген сияқты сөздерді айтамыз. 2. Есімшелі қосынды сөздер де қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылады. Мәселен: Қой-бағар, Тай-мінер, Жылқы-айдар, Қой-айдар, Тау-соғар, Көп-жасар, Ит-алмас (жалқы есімдер), бір-санар, бір-тартар, бу-тартар, ат-шабар, бес-атар, құс-қонбас, ит-кірмес, жел-кесер (жалпы есімдер). 3. Дүдәмәлдігі ашылмастай орындарда сондай дүдәмәлдік ашылған орындағы тәжірибе бағытымен жазу. Мәселен: «аспан ба?» «асбан ба?» - дүдәмәл екен, жоғарыдағы айтылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болмағанымен, қазақ тілінде ұшырайды: дұспан-дұсбан, оқпан-оқбан, кетпен-кетбен, шекпен-шекбен тағысын тағылар. Бұлардың «п» мен «б» дүдәмәл болған орындағы ашылуы ылғи «б» жағына болғандықтан, «б»-мен жазу. Түбін қарап тексергенде де, солардың көбі «б»-мен жазуға тиіс болып шығады. Мәселен: «асбан», «дұсбан», «данышбан», «кетбен» деген сөздер «асман», «дұшман», «данышман», «кетмен» деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен алмасып отырады. «Қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «оқыбан» секілді сөздерде «қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «обқан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбысты сөз екені көрініп тұр. 4. «Ы» әрпі бітеу буындарда да қалмай жазылу, «қарт-қарыт», «арт- арыт», «жұрт-жұрыт», «сырт-сырыт», «құрт-құрыт» дегендегі сызықша мен қосақтап қатарлап қойған сөздердің айтылуы бірдей емес. Бітеу буынға «ы» жазсақ, бұлар бірдей жазылатын болады: бірдей жазылса, бірдей естіледі деген болып шығады. 5. «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» дене сөздерді «сұу», «шұу», «тұу» деген сияқты етіп, аяғына ұу келтіріп жазамыз деушілер бар. Олардың бәрі де жете тексермегендіктен айтылып отырған сөздер. «Алып» демей, «алұп» деп, «асыб» демей «асұб» деп, «барып» демей «барұп» деп, «келүп» демей «келүб» деп жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады. Олай жазбай алып, асып, барып, келіп деп жазатын болсақ, «у»-дың алдына «ұ» (ү) жазудың орны жоқ. Мұндай «у» сөздің аяғына «б» есебінде құралып тұрған дыбыс немесе «алыс, беріс, барыс, келіс» дегендерді сөздердің ішіндегі «с» есебінде қосылып тұрған сөз. «Алыс» деген «алыу», «барыс» деген «барыу», «келіс» деген «келіу» деген сөздерден айырым аяқ дыбыстарында ғана, басқа жеріне айырым жоқ. Егер алұс, барұс, келүс деп жазсақ, онда «алұу», «барұу», «келүу» деп жазу дұрыс. Бірақ «алұс», «барұс», «келүс» деп атпаймыз ғой. Егерде «ұ» (ү) мен «ы» (і) дүдәмәл естілетін болса, ол дүдәмәлдік «ы» жағына қарай шешіліп отырады ғой. Мәселен «тан» деген, «таны» деген, «жан» деген, «жаны» деген, «тас» деген сөздерді алып, аяқтарына «п», «с», «у» қосып туынды сөз жасасақ, аяғы дауысты дыбыс болса, «ы» арқылы қосамыз: танып, таныу, таныс, жанып, жаныу, жаныс, тасып, тасыу, тасыс. Осында «у» дыбыстың келіп кірерлік орны бар ма? Қай жерден келіп кіріспекші? 6. р, л, у, и әріптерінің алдында «ы» әрпі жазылып-жазылмауы естілуінше: есілсе жазылады, естілмесе жазылмайды. Мәселен: лыпа, леп, лепес, лап қойды, лаулап жанды, лоқы, лоқылдап, Ленин, Лепсі деген сөздердің алдында келген «л» тап-таза «ы»-сыз естіліп тұр. Оған «ы» жазудың керегі жоқ. «Ылай, ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи» деген сөздерде «л» алдында «ы» анық естіліп тұр. Егерде осы айтылған сөздердің өздерін дауға салушылар болса, онда әркімнің құлағы әр түрлі еститін болғаны немесе әркім солай естіледі деп ұғып әдеттеніп қалғаны. Ондай дау болған орында өлең өлшеуімен ашылады. Онан басқа ашылатын кілтін әзірге ешкім тапқан жоқ. Өлең арқылы тексергенде «р», «и» сөз басында тіпті келмейтін көрінеді, «у» жалғыз-ақ «уақыт» деген сөзде келетін көрінеді. Онда да қазақтың «ұуақытты» қысқартып кей «ұуақ» деп айтатындығынан немесе жазудағылар «уақыт» дегенге айналдырғаннан болады. Қалайда жалпы ереже бұлар турасында естілсе, «ы» жазу естілсе «ұ» «жазу, естілмесе жазбау. Мәселен: ұру, ұрықсат, дұрыс, ырыс, ырым, ырғақ, ыржаң, ірі, ірімшік деген сөздердің басында «ұ», «і» бар екеніне дау болмас. Болса қалай етеміз? – Әрине, өлеңмен болмаса басқа шара жоқ. «И» дыбысы жалғыз-ақ «иә» деген сөзде келетін көрінеді. (Иәки де «иә»-мен тұқымдас). Оның өзінде оқығандар болмаса, жай қазақтар «жә» деп айтатын көрінеді. «И» туралы жалпы ереже: естілсе «ы» жазылады, естілмесе жазыл- майды. Даулы болса, өлең арқылы ашылады. Осымен емле ережесі туралы әңгіме бітеді.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары, Әңгіме: Ахмет Байтұрсынұлы | Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер