Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Бүгінгі Қазақстанның бір қаласындағы бір мектептің онбірінші сыныбында бір мұғалім апай сабақ жүргізіп отыр. Мұғалім апай: Балалар, мен өзім шалғайдағы ауылдан көшіп келіп, осындай оқуға барлық жағдай жасалған мектепке орналасып, өздеріңдей кілең білімді балалар оқитын классқа сынып жетекшісі болғаныма қуанамын. Сіздер бірнеше тіл білесіздер, араларыңызда ғылыммен, өндіріспен, экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және басқа да нақты мәселелермен айналысамын дейтіндер, өнертапқыштар, спортсмендер, ақындар, күйшілер, суретшілер бар, барлықтарыңыз таланттысыздар. Мұғалімдер Сіздерге өзіміздегі және шет мемлекеттердегі ең жақсы тәжірибелерді пайдалана отырып жан-жақты білім беруге тырысты. Енді бір-екі айда мектептіде бітіресіздер, бәріңіздің қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар, шетелге оқуға бара қалсаңыздар біздің еліміздегі білім деңгейінің жоғары екендігін дәлелдей жүріңіздер. Қазіргі жаһандану заманында ел мен ел қоян-қолтық араласып жатқан.....
Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз... ....
Көкесінің жеке іс парағындағы жазулардың басы - оның Ленинград майданының жауынгері болғандығы жайлы жазумен басталған. Көкесінің мектептен кейінгі үлкен өмірдегі жолы осылай басталыпты. Көкесі осының алдында ғана мектепті бітірген. Мектепті бітірген жылы мектеп әкімшілігі көкесін "Өте жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болғандығы үшін берілді" деген мақтау қағазымен марапаттапты. Көкесі соғыстан келе салып, төрт айдай колхоз басқармасының хатшысы болып істейді. Ал сонан соң сол кездегі Қазалы аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрмановтың бұйрығымен жетіжылдық Жданов мектебіне меңгеруші әрі мұғалім болып бекиді. Көкесі бұл қызметті екі жылдан астам уақыт атқарған. Сонан соң ауылдық кеңес жанындағы оқу үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңес хатшысы және кітапхана меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бірақ көкесінің негізгі саналы ғұмырын арнаған қызметі - оның байланыс бөлімшесінің бастығы болып істеген қызметі еді. Көкесіне берілген әр түрлі марапаттар, мысалы, облыс байланыс басқармасы бастығының қолы қойылған Құрмет грамотасы, есімі байланыс қызметкерлерінің Құрмет тақтасына жазылғаны туралы Куәлік, сол сияқты еңбек кітапшасына әр кезеңде жазылып отырған көптеген алғыстар мен ақшалай және бағалы сыйлықтардың берілгендігі туралы жазулар - осы қызметіндегі жемістері. .....
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.