Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек

Қазақстан 2030 жылға қарай әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге ниетті.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Болашақта Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемін одан әрі арттырады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан өндірістің шыңына әлі шыға қоймаған аздаған елдердің бірі. Біздің болжауымызша, 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру деңгейін 110 млн тоннадан асыруы мүмкін, бұл болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге жол ашады", - деп мәлімдеді Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары базалық жоба ретінде қарастырылады. Министр атап өткендей, елдің мұнай-газ саласына 60 млрд АҚШ доллары тартылған.

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 160 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылса, оның 60 млрд-қа жуығы мұнай-газ саласына тиесілі", - деп түсіндірді ол.

Тек соңғы 5 жылдың ішінде мұнай-газ саласына 20 млрд долларға жуық қаржы инвестицияланған.

Жаңалықтар
Толық

Тілдер күні (Тіл өнері)

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бастауыш сынып | Дос және достық

Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартқызы


Тәрбие сағат тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағат мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.
Тәрбие сағаттар
Толық

25 Қазан - Республика күні (Қазақстан еліне саяхат)

Тәрбие сағат тақырыбы: Қазақстан еліне саяхат
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақстанда темекі және алкогольді ішімдіктер қымбаттайды

Елімізде темекі және алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы ҚР экономика мен бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда 1000 темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3000 теңгеге жеткізу арқылы, шылымның құнын 100% қымбаттату жоспарланған. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасын 10 000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольды ішімдіктерді де айналып өтпейді.

Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.

"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша спирт өнімдерін көп пайдаланатын мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіреді. Яғни бір Қазақстан азаматы 7-8 литр ішімдік ішеді деген сөз. Осыған орай, бізге темекі және алкоголь өнімдерінің бағасын көтеру маңызды. Әрине, қымбатшылық.....

Жаңалықтар
Толық