Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Дос және достық » ZHARAR © 2017 | Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық, Қазақша Тәрбие сағат, Бастауыш Дос және достық туралы казакша тарбие сагат, дос жане достык туралы казакша ашык тарбие сагат, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық ашық сабақ, воспитательные уроки на казахском языке




  • »

Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Дос және достық

Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Дос және достық казакша Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Дос және достық на казахском языке

Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартқызы


Тәрбие сағат тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағат мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?
11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталас кезі)

ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.
А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады

IV. “Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
б) Сыйластық бар жерде...

V. Сауалға жауап іздеу.
1) Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарға жауап).
а) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.
ә) Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.
б) Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.

VII. (Мақал – мәтел тыңдалады)
1) Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.

2) Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер.
Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
5- оқушы: Дос адам артық сұрамайды.
Махмұт Қашқари.
6- оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.
Жүсіп Баласағұн.
7- оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Абай.
8- оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Мұзафар Әлімбаев.
9- оқушы: Қоссыз қазақ болса да,
Доссыз қазақ болмаған.
10- оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,
Жау табу оңай - тоқтауы қиын.
Жүсіп Баласағұн.
11- оқушы: Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос.
Таршылықты қайырылған дос та өзгеше.
Абай.
VIII. Досым саған арнаймын… (ақын өлеңдерінен көркемсөз оқу)
Ән: Достарым менің (хормен)

IX. Қорытынды
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 27 301
Рейтинг:
(голосов: 38)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық, Қазақша Тәрбие сағат, Бастауыш Дос және достық туралы казакша тарбие сагат, дос жане достык туралы казакша ашык тарбие сагат, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық ашық сабақ, воспитательные уроки на казахском языке, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық, Қазақша Тәрбие сағат, Бастауыш Дос және достық туралы казакша тарбие сагат, дос жане достык туралы казакша ашык тарбие сагат, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш Дос және достық ашық сабақ, воспитательные уроки н, Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Дос және достық сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .