Аңсаған атамекен

Отан…Бұл сөз- әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным, ата-бабаларым туып-өсіп,туын тіккен жаныма жайлы киелі жерім, алтын топрағым - Қазақстаным. Бірақта жүрегімдегі бір өкініштісі сол киелі жерден алыста көрші елде, балалығымның, балдай тәтті шақтарын өз Отанымнан алыста өткіздім. Қанша алыс болсам да жүрегімдегі бір ғана арманым-Отаныма қайта оралсам екен деген ой болатын. Отаныма деген сағыныш қайта оралуымды жақындатқан сияты. Көрші елде басымнан көп киын жағдайлар өтті. Соның ішіндегі жаныма қатты тигені- менің тірегім әкемнің ол дүниеге аттануы. Әкемнен ерте ажрап қалғанымның бірден –бір себебі оз Отанымыз атамекенімізде тұрмағанымыз деп білем. Себебі көрші елдегі адамдар біздің отбасымызды ылғи да шеттейтін.......
Шығармалар
Толық

О,туған жер! О, атамекен!

Кеңсің дала,
Туған ана.
Көйлегің кең көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін,
Мірімді ана, сен ғана!
С.Сейфуллин.
О, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, баға жетпес байлығым. Атамекен, Отан, туған жер... Бұл сөздер - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер қасиетті сөздер.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.......

Шығармалар
Толық

Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі. Ол - ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының « айдан – жарық, күнінен-раушан »түйінді ой - пікірлері айрықша маңызды . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шамамен 30 томдық еңбекті құрайды.......
Шығармалар
Толық

Ас атасы - нан

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, желілі рөлді ойынға, кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, ересектер басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру, шығармашылық ой қиялын
дамыту.
Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жандандыру.
Сабақ түрі: Бекіту, саяхат сабақ.
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақ, сергіту сәті, тиым сөздер, мақал мәтелдер, буклет,
ертегі атрибуттары. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Батады-батпайды

Оқыту білім саласы: Таным
Оқыту түрі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Батады-батпайды»
Мақсаты: Балаларды заттарды меңгеруге үйрету (сурет салуға, қарындаш немесе бояу, жіптердің көмегімен заттарды тартып салу, т.б.). Зерттеу тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдық қасиетін қалыптастыру. Ойлау, көру, сезу қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы бақылауға үйрету. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: су, тас, қағаздан кеме, ойыншық машинка, балық, доп.
Көрнекілік: су, тастың, машина, қайық, құм, доп суреттері, шар.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: Ұйымдастыру, амандасу кезеңдері, таңғажайып сәт, әдістерді түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, мадақтау, бағалау, қорытындылау.
Сабақ барысы: Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті. Қонақтарға «Сәлем – тәрбиенің басы» демекші, сәлемдесейік.
Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар.
Балалар: Қайырлы таң, апайлар. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Дарияның ар жағы сіздің ауыл...

Дарияның арғы жағы сіздің ауыл,
Бер жағы сол өзеннің біздің ауыл.
Жүруші ең жайраң қағып, араласып,
Желкенін жел қайықтың үзді дауыл.

Дарияның арғы беті шоқ қарағай,
Жамырар шоқ қарағай топ баладай.
Көңілдің көк дөнені....
Өлеңдер
Толық

Қожа Ахмет Ясауиге арнау

Өзіңсің ғой жаршысы жаңалықтың,
Даралықтың символы даналықтың.
Түркінің төл баласы өзіңізсіз,
Бастауысыз атақты сан алыптың!

Түркінің мақтан тұтар ардағысың,
Кешегі Арыстан баб жалғауысың.
Хикметпен ақыл...
Өлеңдер
Толық

«О, туған жер! О, қасиетті атамекен!»

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
Әбу Сәрсенбаев.
Ес біліп етең жеңіңді жиған, балалық жастық шақ әркімнің есінен кетпейді . Асыр-салып ойнаған аңғал-саңғал балдәурен шағымыздың аспаны сағымға толы сағынышта қалары сөзсіз. Ол туған жер төсіндегі қиялымызға қанат бітірген туған өлке. Жазиралы дала, айдын шалқарлы көл, күркірей аққан өзені бәрі-бәрі де ыстық.......

Шығармалар
Толық

Ас атасы – нан

Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Шығармалар
Толық