Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!

 Кемеңгер атам, Мәшһүр бабам!

Қабен Қымбат
8 сынып, Баянауыл мектеп – интернат
Баянауыл ауданы
Жетекшісі:Рымхан А.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі. Ол - ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының « айдан – жарық, күнінен-раушан »түйінді ой - пікірлері айрықша маңызды . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шамамен 30 томдық еңбекті құрайды. Бірақ сол еңбектерінің түгелі дерлік біздің қолымызға өкінішке қарай жеткен жоқ. Осы еңбектерінің көбі ескі қаріппен жазылған, сондықтан да ғалымдар оны толық оқи алмады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 73 жасында қайтыс болатынын білді, сол себепті де өзінің жерлейтін орнын көрсетіп кеткен. Мен Мәшһүр атамды үлгі тұтам және де шығармаларын сүйіп оқимын.Өткен жылғы жаз айында жолым түсіп , Мәшһүр атаның туған жеріне барған едім. Онда мен Мәшһүр атамыздың басына арнайы салынған кесенеге бардым. Ол кесене Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында 1999 жылдың 23 қазанында ірге тасы қаланған екен. Кесене орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. 2006 жылы қайтадан күрделі жөндеуден өткізіліп, халықты қуанышқа бөлген еді. Шаңырақ түрінде көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралары мен зор баспалдақтар жаңа мешітті көркемдете түсті. Мешіт ғимаратының мөлшері 48х48 метрді құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнараларының биіктігі – 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттегі хрусталь « Зумрад » люстрасы Ташкентте жасалған екен. Кесененің ішінде 434 шам бар. Кесененің архитектурасы жайлы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол жерге келген адамдар риза болып, жан ләззатын алып қайтады. Тіпті, сол жерге барғандар айықпас ауруларынан айығып, өлең жазатын адамдарда шабыты оянып, керемет бір күйге енеді екен.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы аты бүкіл елге жайылған . Ондай адамдар дүниеге көп келе бермейді, тіпті жоқ деуге болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әулие адам. Ол болашақты болжай алған. Мысалға келтірсек: 1916 жылдың 25-маусымында қалың елдің дариядай толқуы басталған болатын. Ал Мәшһүр атамыздың жазбаларында былай делінген:
Қаракесек Бекболаттың Заманы
Қасқыр деген Заман еді,
Жамандық пен бұзықты
Басқа ұр деген Заман еді.
Айдабол Тайкелтірдің Заманы
Түлкі деген Заман еді,
Ойын мен мәжіліс
Күлкі деген Заман еді.
Қаракесек Алшынбайдың Заманы
Қарсақ деген Заман еді,
Біреудің бір нәрсесін алдап
Алсақ деген Заман еді.
Шұршіттің темір қақапаны,
Мұжықтың кендір арқаны - делінген болатын.
Міне, көріп отырғанымыздай Мәшһүр атамыздың осы сөзін астарлап ашып көрсек, атамыздың айтқаны дәл келеді. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін жалықпай оқи бергің келеді. Мен осындай Ұлылардың кіндік қаны тамған Баянауыл құт мекенінде туғаныма, Аллаға мың да бір ризашылығымды білдіремін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!