«О, туған жер! О, қасиетті атамекен!»


Жұмабай Нұрболат
8 сынып , Парамоновка орта мектеп
Ақсу қаласы


Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
Әбу Сәрсенбаев.
Ес біліп етең жеңіңді жиған, балалық жастық шақ әркімнің есінен кетпейді . Асыр-салып ойнаған аңғал-саңғал балдәурен шағымыздың аспаны сағымға толы сағынышта қалары сөзсіз. Ол туған жер төсіндегі қиялымызға қанат бітірген туған өлке. Жазиралы дала, айдын шалқарлы көл, күркірей аққан өзені бәрі-бәрі де ыстық.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деген қанатты сөз тегінен-тегін айтылмаса керек. Жазушының «Қаздар қайтып барады » әңгімесіндегі Байтас шалдың тағдырын аса шебер көркем тілмен жеткізе білуі оқырманға ой тастайды. Сонау аласапыран, тар жол тайғақ кешу, аумал-төкпелі қилы заманда жер ауып көшкен талай қандастарымыздың басынан кешкен тағдыр тәлкегі көз алдымызға елестейді. Туған жерге деген сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға толы.
Сезімге толы , ақ тілек арман құсы бір сәтке тыншымай алға деген құлшынысын үкілі үмітін оятты. Туған жер топырағыңнан бір искеп өлсем арманым жоқ деген қартың тілегі туған жерінен бір уыс топырақтың бұйырғанын қалады. Бұл жерге алып ұшқан жалғыз сезім арғы ата-бабасының, әке-шешесінің, ағайын туған туысының сүйегі және өсіп өнген туған жер топырағы жатыр. Ұлан ғайыр атырап киелі атамекені көкейінен кетпейтін сағынышы жатыр.«Ұлтарақтай болса да,
Атақоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат»-деген мақал Байтас шалдың көкірегінде берік орныққан сияқты. Талай жылдар бойы мазалаған ой-арманы орындалатын шешуші сәтті ерекше сипаттау жазушының асқан шеберлігі деп түсінемін. Оқиғаны тайға таңба басқандай көркемдеп жеткізуі әрбір тау, жота, қырқа кезеңдерді көзімен көріп лесіп бірге жүргендей көрінеді.
Туған жердің жуасы да тәтті, Туған жердің ауасы да шипа деген мақал-мәтел еске түседі. Аңсаған арманын, орындалған тілегіне сенер сенбесін білмеген қарт, Жер ананы құшақтай сүйіп «Айналайын туған жер, сені де көретін күн болады екен-ау!»-деп күбірлейді . Қалтыраған қолымен дымқыл топырақтың бір уысын алып, бетіне басады, танауына апарып , қайта-қайта иіскей береді. Көкірек тынысы ашылғандай бойына қуат біткендігі аяқ алысынан байқалады. Туған жері Айнабұлақтың суынан ішіп көзі шайдай ашылып, көңілі шалқыды. Осынау туған ел, туған жерге деген махаббаты патриоттық сезімі жанымызды жадыратып ойға қалдырады.
Өз елім-өлең төсегім –деп жаны мен тәні қалаған қарияның бір ғана тілегі бар еді. «О, туған жер! О, қасиетті атамекен ! Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең , екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жанымды бүгін алсаң да разымын»,- деп тәңірге жалбарынуы тегінен-тегін емес.
Сағынышқа толы үкілі үміті ақталып, талай жылдан бергі көрген азабы тарих қатпарында өшпес хикаяға айналды. Бұл жазушының тағдырына сабақтас «Соңғы көш», «Тағдыр» романдарын дүниеге келтірді. Өмірдегі реалистік шындықты терең суреттеп халықтың дүниетанымын бейнелейтін аса тапқыр тілі орамды дарынды қаламгер екендігін көрсетті. Туған жердің қадір-қасиетіне бойлата білді. «Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»,-дейді замандасы жазушы Әкім Тарази.


Қажетті сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу