Қостанай ауданы, Мичурин ОМ 9- сынып оқушысы Жуманазарова Аида
Сөзжұмбақ «Әріптерді қосып оқыңдар»
Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?
Қазақстанда ұстаздар күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, түлектер мұғалімдерге құттықтау жолдайды.
Сізге ең құнды нәрсе - балаларды сеніп тапсырады, сіз оларды жақсы көресіз және оларға қажетті білім бересіз. Сіздің кәсібіңіз оңай емес, бірақ сіздің бүкіл өміріңіз бен бақытыңыз сонда. Біздің ұстазымыз болғаныңызға мың алғыс! Сізге қуаныш және сәттілік тілейміз. Мұғалімдер күнімен!
Әкені, ананы, аға мен әпкені және іні мен қарындасты туған күнімен қалай құттықтауға болады? zharar.comназарларыңызға туған күнге арналған құттықтаулар ұсынады.
Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің....
Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.
Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .
Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады .......
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.