Сөзжұмбақтар


Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ
9- сынып оқушысы
Жуманазарова Аида   
     

 

Сөзжұмбақ  «Әріптерді қосып оқыңдар»

Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?

 

Жасырынған жұмбақ шумақ:

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық.

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.

                                            (Шешуі: кітап)

 

«Кім тауып оқи алар екен?»

Келтірілген сызықтарға ел-халық туралы сегіз мақал жазылған. Сызық бойымен сызғышты жүргізе отырып, сол мақалдарды тауып кім оқи алар екен? (Қосу белгісі нүкте орнына жүреді)

 

Жасырынған мақалдар

1. Берекелі жерден мереке кетпес.

2. Халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды.

3. Адассаң елмен адас.

4. Елде түлкі аштан өлмес.

5. Кеңес қылған азбас, кеңінен пішкен тон тозбас.

6. Өзбек өз ағам.

7. Ел іші – алтын бесік.

8. Орыс бар жерде қоныс бар.

 

Жасырынған сөз

Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, сарымен сызылған жолды тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.

 

Берілген сөздер:

1. Ағаш.
2. Айт.
3. Жаса.
4. Сөз.
5. Бәкі.
6. Кең.
7. Бүр

 
Жасырынған сөз
1. Ағашсыз.
2. Айтқыш.
3. Жасанды.
4. Сөзшең.
5. Бәкісіз.
6. Кеңірек.
7. Бүрмелі.

 

Тігінен оқығанда «Сын есім»

Сөзжұмбақ

Төменде берілген жұмбақтардың жауабын таба отырып, кестеге орналастырсаңдар,  тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.

1. Біреуін бердім, онын тердім.
2. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.  
3. Суда өсіп, өнеді, сыртқа шықса өледі.
4. Төрт аяққа керілді, әдемі үй боп көрінді.
5. Сыртын отқа қақтайды, одан басқа жақпайды.
6. Төртеу адамы, біреу алаңы.
7. Суда көлік, құмда өлік.
8. Аппақ доп тауып, шақырды ақ ....
9. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын, тұмсығы біздей.
10. Шашылды көктен ақ моншақ, жоғалды біздер тапқанша–ақ.

Жауаптары:

1. Тұқым
2. Қоян
3. Балық
4. Шатыр
5. Қазан
6. Үстел
7. Қайық
8. Тауық
9. Тырна
10.Бұршақ

Тігінен оқығанда «Толықтауыш»


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Айгерим
    8 + 6 -
    Нуржанова