Онлайн қарау: Қазақстан - Тәжікстан футбол

Дәл қазір футболдан Алматының орталық стадионында Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары жолдастық кездесу өткізуде.

Қазақстан құрамасы cапынан алғашқы минуттардан бастап алаңға төмендегі ойыншылар шықты:

Мокин, Малый, Абдулин, Дмитренко, Исламхан, Жолшиев, Мирошниченко, Нөсербаев (к), Богданов, Логвиненко, Сүйімбаев;
kz
Толық

Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай

Бір айға жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан ақтөбелік футболшы Эмиль Кенжесариев кеше есін жиды.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы орнынан қозғалып, бірінші рет өз қолымен ас ішкен. Алайда, Эмель 10-шы тамыз күні өзін аяусыз соққыға жыққан қаскөйлердің есімдерін айта алмай отыр. Есін енді жия бастаған футболшы сол күні орын алған оқиға туралы ештеңе есінде қалмағанын ишарамен түсіндірген.

Алматылық дәрігерлер Эмиьдің басынан алған жарақаты тым ауыр болуына байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеп кеткенін, алайда бұл жағдай уақытша екенін алға тартып, науқасқа әлі де емделу керектігін айтып отыр.

Жаңалықтар
Толық