Әбіш Кекілбаев

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Әбіш Кекілбаев поэзиясының философиясы

Прозасын оқысаң тарихтың қойнауына кіріп кеткендей боласың, поэзиясын оқысаң өзіңнің ішкі дүниеңмен сырласқандай боласың. Әдебиеттің екі жүгін жығып алмай тең көтеріп, замана көшіне ілестіре білу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние деп білемін. Бұл тек қана қазақтың Әбішіне тән қасиет болар. Абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың өзі бұл туралы былай деп түйіндейді: “Адамдар мен халықтардың арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің сурет­керлік те, азаматтық та парызым.» Сөзінің растығын «Жер - ананың мен сүйікті перзенті...» өлеңімен дәлелдейтіндей.

Жер - ананың мен сүйікті перзенті,
Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім - жердің бүкіл келбеті,
Ажарымын дүниенің, адамымын!

Өкпелетіп көрген емес жер мені,
Жер - ананы өкпелетем неден мен.
Өз қолымнан салынған бар өрнегі,
Жыртығын да жамаймын өз денеммен!.....
Шығармалар
Толық

Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық

Рухты Әбіш Кекілбаев!

Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар....
Шығармалар
Толық

Әбіш Кекілбайұлы (Алмас қанжар)

Жер түбінде көп дұшпан дуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жаудың оғы төбеде зуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау тақалды, жүрегі суылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау қамады, қалды енді қалың сында .....
Өлеңдер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы