Тізімдер файл және графиканы қолдану

Турбо-Прологта тізім деп аталатын байланысқан объектілер қолданылады. Тізім дегеніміз- бірінен соң бірі келетін, реттелген объектілер жиынтығы. Тізім құрамы бір-бірімен байланыста болғандықтан олармен топ бойынша да(бүкіл тізім), жеке объект(тізім элементтері)түрінде де жұмыс істеуге болады.
Турбо-Прологта тізінің көмегімен бірнеше операцияларды орындауға болады. Олардың қатарына төмендегідей операциялар кіреді:
• Тізім объектілеріне еркін кіру;
• Тізімге жататындығын тексеру;
• Тізімді екіге бөлу;
• Тізім элементтерін өсу және кему реті бойынша сұрыптау.
Тізімдер деректер базасын, эксперттік жүйелерді, сөздіктерді т.б. жасағанда өте қажетті және маңызды болып табылады.Тізім бір домендік типтің объектілер жиынтығы болып табылады. тізімнің объектілері болып бүтін және нақты сандар, символдар, символдық жолдар және структуралар табылады. Элементтердің орналасу реті тізімнің ерекше белгісі болып табылады; тура сол элементтерді басқа тәсілмен орналастырсақ , онда ол басқа тізім болып саналады. Салыстыру барысында рет маңызды роль атқарады.
Тізім элементтері тік жақшаға ( [ ] ) алынып жазылады және элементтері бір бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Тізім ретінде мыналар алынуы мүмкін:
[1,2,3,6,9,3,4]
[3.2, 4.6, 1.1, 2.64, 100.2]
[“YESTERDAY”, “TODAY”, “TOMORROW”] ....
Рефераттар
Толық