Экономика | Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу

Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары».
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады : «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін ітемеу». Екінші жағынан жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстанның жер асты суларын қорғау

Кіріспе
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.
Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат – сутірегіш деп аталады.
Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты

КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуы

КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу

КІРІСПЕ
Банктің пайда болуы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қазақстан халқының демографиялық өсу

КІРІСПЕ
Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» - «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы

Кіріспе
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық