Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы

 Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы

Кіріспе
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика — мемлекет қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі — бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы — нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бүл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға жэне т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.
«Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы» деген курстық жүмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты мемлекеттік түрғыдан үйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
«Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең» - деп бекер айтылмаған.
I.Нарықтың даму тарихы және теориясы
1.1. Нарық катынастарыныц даму кезендері
Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды,оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит /1723 -1790/ өзінің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде -жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» ролін атқару қажет. Мемлекет "Lаіssег fаіге" саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбардың пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мүндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық жэне сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық~ коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тэуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бүл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлері жер ауып келген орыс шаруаларының,, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бүл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бүл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен ұүрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бүзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі: «XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашалығымен шүғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің 7 проценттейі ғана («Россия», 10 том, С-Петербург, 1913, 321 бет). Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен». Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі – бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бүл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кен байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте үзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады.. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтыды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында» былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші негізінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасты, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар жұне валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болды.
Үшінші кезең 5-10 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
1.3 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен 1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға, мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бүл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи, әмбебапты заңның» әрекетімен түсіндіреді. Мүндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дүрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бүған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтІп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі