Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы Еуразиялық интеграция және Украинадағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылады.
Жетер енді тамырлас.. Сөзіме құлақ түріп, байыппен ғана ойымның парқына барар сәтің келген сықылды. Ләзім істің еншісі деп қабылдағайсың.. Саясаттың сардары екенсің, бірер түйткілді ескерерсің мүмкін. Путиннен бастап - әлем тұрмысын шарладың кеп, айналып келгенде өз Нұрекеңді балағаттайтындай не көрінді? Қарның ашса - Назарбаев, киімің тарылса - Назарбаев, өзгеден тепкі көрсең - Назарбаев, тіпті сүйіктің екі көзіңді бақырайтып тастап кетсе де - Назарбаевты.....
Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының түлегі Марат Әсия Жандосқызы апелляциядан кейін 125 балл нәтижемен шықты. Қазақ тіліне қатысты сұраққа байланысты орын алған түсініспеушілік туралы Массагет тілшісіне Әсияның өзі айтып берді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша....
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер.....