Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған » ZHARAR © 2017 | Қарулы, айбынын, әйгілеп, құдыретін, еліміздің, әскери, әскер, Қазақстан, туралы, асырып, Күштері, Қазақстанның, келеді, жерде, көкте, жеріміз, армиясы, Қасиетті, Еліміздің, қорғалған




  • »

Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған

Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған казакша Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған на казахском языке

Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің құдыретін әйгілеп, айбынын асырып келеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруде ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Құрметті отандастар, офицерлер мен сарбаздар, жиырма екі жыл бұрын дәл осы күні Мен "Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойдым. Содан бері бұл күн Қазақстан армиясының күні болып мерекеленеді. Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа дәуірлерге жалғасқан бақ жолын, ерлік қасиетін бізге мирас етті. Біздің бүгінгі армиямыз тарихымыздағы батыр бабалардың мұрагері.Қарулы Күштеріміз еліміздің құдыретін әйгілеп, айбынын асырады", - деді Президент.

"Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған. Еліміздің армиясы - нағыз бес қаруы сай әскер. Бүгінгі әскери шеру осының дәлелі болса керек", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында еліміз кәсіби әскер құрғанын, ел мүддесіне толық сай келетін әскери Доктрина қабылданғанын атап өтті.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 788
Жаңалық айдары: Саясат, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .