Махаббат емес....

Мен өзім үйдің кенжесімін, еркесімін. Айтқаным болмаса не жылап, не айқайлап, әйтеуір орындатам. 5 сыныпта бір бала келді. Сыныпқа бойы ұзын, сымбатты еді. Мен алғаш рет сол балаға ғашық болдым. 7 сыныпқа дейін жақсы дос болдым. Ойнап, күліп, бірақ ол 6 сыныпта менің жан құрбым А. мен жүрді. Бірақ ол бізден бір сынып жоғары оқитын. Олар жақсы жүрді. Бір-біріне сыйлық сыйлап. Сонда аңғырттығым ба аңқаулығым ба мен А. дан ол балаға мені жақсы көретінін айт деп өтініш айттым. Ол үнсіз ммм деп жауап берді.

Біраз уақыт өтті. А. мен достыгымыз тыйылды. Бірақ мен ойланбастан оған хат жаздым. Мен сені жақсы көрем деп. Ол оқыды да 10 сыныпта туысқан әпкесінің сыныптасы бар еді соны шақырып алды. Мен сол кезде терезе жанында тұрғанмын. Ол екеуі хатты оқыды. Маған қарап күлді.

......Мен қатты ұялдым. 1 күн сөйлеспедік. Мен оған дос болайық. Мен шыдай алмаймын дедім. Мен ақымақ сөйтіп айтқаныма әліде сенбеймін. .......Күндерім зулап өтіп жатыр. 7 сыныпқа көштік. Сол кезде көрші ауылдан У. деген қыз келді. Ап арық, әдемі еді. Ал мен толықтау едім. Ол қызға бәрі ғашық болды......
Махаббат хикаялары
Толық