Марат Саршаев

Марат Аманғалиұлы - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі, 1985 жылы туған.

Қазіргі таңда инсульт әлемдегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінше инсульт салдарынан жыл сайын 6,2 млн адам қайтыс болады. 2015 жылы Қазақстанда 41 мың адам инсульт алып, оның 24%-ы көз жұмған. «Денсаулық 2016-2020 жж.» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инсульттің алдын алу және оның көрсеткіштерін төмендету мақсатында, біздің бөлімшеде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. 2016 жылы біздің бөлімшеде бас миы және жұлынға жасалған оталар адам шығынысыз сәтті өткізілді. Біз инсультқа қарсы күрес жүргізіп жүрген алдыңғы қатарлы емханалардың бірі болып табыламыз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Марат Ілиясов (1956 жылы)

Марат Ілиясов (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Өмірбаяны
Шымкенттің әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетік қызмет Академиясының «мемлекеттік басқару саласын» бітірген.
Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
Шығармашылығы
Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
«Кең мекенім» ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Данияр Елеусінов Маратұлы (13 наурыз 1991 жылы)

Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Апелляциядан соң 125 балл алған түлек өз сырымен бөлісті (Видео)

Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының түлегі Марат Әсия Жандосқызы апелляциядан кейін 125 балл нәтижемен шықты. Қазақ тіліне қатысты сұраққа байланысты орын алған түсініспеушілік туралы Массагет тілшісіне Әсияның өзі айтып берді.
kz
Толық