Информатика | Кадрлар бөлімі

КІРІСПЕ
|Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Қазіргі XXI ғасырда заман ағымына сай болу үшін қоғамды ақпараттандыру өте қажетті болып келеді. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттық технологиялардың мемлекеттік-әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбегейлі өзгертеді. Қандай қоғам болмасын оның ақпараттандыру деңгейі ақпарат қызметінің даму дәрежесімен және қызмет көрсететін мамандарының санымен, олардың біліктілігімен анықталып отырады. Бізге ақпараттандыру ақпараттық технологияны көп мөлшерде шығаруға, жиі пайдаланатын жүйелерге қосу мәселелерін шешіп береді, оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпарат (лат. informatio – ақпарат, хабар ету, мәлімдеу)
1) кез-келген нәрсе туралы хабар;
2) ақпаратты өңдеу, тарату, сақтау обьектілері болып табылатын, экономикалық және басқарушылық шешімдерді талдау және әзірлеу барысында пайдаланатын мәліметтер, деректер, көрсеткіштер;
3) экономикалық процестерде пайдаланылатын ресурстардың бір түрі, оны алу уақыт және өзге де ресурс түрлерінің шығынын қажет етеді;
4) дүниетанымның мәнін құрайтын және адамның ақыл-ой қызметінің кез-келген жемісін, ең алдымен білімді, кейіптемені, жадыны қамтитын іргелі 3 субстанцияның (зат, қажыр-қайрат, білім) бірі;
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық үрдіс. Ақпарат – бизнестің стратегийлық ресурсы. Осы жағдайда ақпараттың маңыздылығы артып, мәртебесі өседі. Осыдан байқайтынымыз фирманы басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық базаның сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады екен. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, обьективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік-қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын ұдайы бақылап, талдап отыру қажетті. Ол шаруашылық қызметті басқару жүйесі процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады. Ал кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіріп, оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқылығы бар дербес шаруашылық. Кәсіпорын өндіріс құрал жабдықтарының меншіктік түріне қарамай шаруашылық есеп айырысу тәртібі бойынша жұмыс ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Кадрлар бөлімі

Менің “Кадрлар бөлімі” атты курстық жұмысымның мақсаты-белгілі бір ұйымның және мекеме кадрлар бөлімі қызметінің жұмысын автоматтандыру. Бұл жүйе ұйымның бірыңғай мәліметтер қорының көп пайдаланушылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы міндеттерді үлестіруді рұқсат ететін бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде ақпаратпен жұмысының мүмкіндігін береді. Мысалы, жаңа қызметкерлерді тіркеу, ақпарат модификациясы, іздеу, есеп беруді ұйымдастыру және т.б. Көп пайдаланушы режиммен жұмыс істеу барысында ақпаратты алу құқығы тағайындалады. Мысалы, тек кадрлар бөлімінің бастығы ғана завод цехтарының анықтамаларын редакциялай алады. Алайда, жүйе жұмыстың жергілікті нұсқада да- бір жұмыс орындағы мүмкіндігін шектемейді.
“Кадрлар бөлімі” программасы жеткілікті түрде абстрактілі кәсіпорынның кадрлар бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Біршама ескішілдікке негізделген, сонымен бірге ең үлкен жауапкершілікті талап ететін процестер болып төмендегілер табылады:
- Жұмысшының жеке тіркеу карточкасына метрикасын енгізу;
- Кадрлар бөлімі архивын жүргізу;
- Жұмысшылардың жеке мағлұматтары жайлы түрлі есептер дайындау (стаж,жалақы).
Ол үшін алдымен жұмысшының жеке карточкасы жүргізіледі. Оған жұмысшы жайлы барлық керек мәліметтер енгізіледі. Ары қарай енгізілген ақпаратпен жұмыс жүреді (түзету, іздеу, жою). Архив негізінен жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жеке карточкаларынан тұрады. Себебі, заң бойынша жұмыстан шығарылғаннан кейін қызметкер жайлы жеке мәліметтер кем дегенде 3 жылдай сақталуы қажет.
Қосымша мәліметтер қорының сөздігі ақпаратпен толтырылып отырады. Берілген контексте сөздік- қандай да бір біртипті ақпараттың анықтамасы болып табылады. Мысалы, институттар справочнигі, райондар мен көшелер справочнигі. Жаңа ақпарат енгізу кезінде пайдаланушы анықтамалардан кез- келген мәліметтерді таңдап ала алады немесе оны жаңа мәліметтермен толтыра алады.
Кадрлар бөлімі архивына тура немесе жанама түрде қосымша операциялар қатары жүгінеді (бухгалтерия, материалдық бөлім, есеп және өнімді өңдеу).
Еңбек шартын жеңілдету- негізінен берілген мәліметтер, программаның көмегімен ұжымның архивті жүргізу процесін автоматтандыруының арқасында жүреді. Іс жүзінде, жеке карточкалар және архивпен жұмыс- мәліметтер қорымен жұмыс істеудің нақты әрі ыңғайлы процесіне айналады. Бұл жұмысты едәуір жеңілдетіп, қателерді болдырмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық