Елімізде жылдан жылға жоғары оқу орнын бітіріп, қайда «тетік тауып қаланарын» білмей жүрген жастар көбейіп барады. Біреулер оған себеп жұмыс орындарының тапшылығы десе, енді бірі жастардың жалқау болып бара жатқанын тілге тиек етеді. Қалай десек те, бүкіл қоғамды жайлаған парақорлық пен тамыр-таныстық нағыз мамандардың жұмыссыз қалуына себеп болып отырғанын айтқан жөн.
Егер смартфоныңыз баяу жұмыс істеп, ұзақ «ойланатын» болса, оған себеп уақытша файлдар мен сіз өшіріп тастаған қосымшалардан қалған «қоқыстар» және вирус болуы мүмкін. Демек, тазалайтын уақыт жетті.
Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
2017 жылға арналған өндірістік күнтізбе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Миллиондарды қалтасына басты деп айыпталған халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап 31 арна хабарлады.
Шымкенттік тұрғын Астанада жұмыс істеп жүрген кезін еске алып, бас қала туралы жағымсыз ойымен бөлісті. Елорданы «тоқалдар» қаласына теңеген ол бұл туралы пікірін NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне айтып берді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта Министрлер кабинетінде қарбалас жұмысқа толы болды деуге болады. Үкімет отырысы өтті, министрлер де белсенділік танытып, өз салалары бойынша кездесулер өткізіп, баяндамалар жасады. Бұл апта сондай-ақ, Қашағаннан шыққан алғашқы мұнаймен есте қалды.
Бахрейнде секс-құлдықта болған қарағандылық қыз елге оралды. Жат жерде жезөкшелік қызмет көрсеткен отандасымызды құлдықтан сол жақтың полицейлері құтқарған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.