Смартфонды қалай «қоқыстардан» тазартып, жұмысын жеделдетуге болады?

Смартфонды қалай «қоқыстардан» тазартып, жұмысын жеделдетуге болады?

Егер смартфоныңыз баяу жұмыс істеп, ұзақ «ойланатын» болса, оған себеп уақытша файлдар мен сіз өшіріп тастаған қосымшалардан қалған «қоқыстар» және вирус болуы мүмкін. Демек, тазалайтын уақыт жетті.

Android-смартфонды ішіндегі «қоқыстардан» тазартып, жылдамдығын арттыруға арналған бірнеше қарапайым және қолжетімді құралдар бар.

Ешбір қосымша жүктемей тазалау

Егер сіз смартфоныңызға ешқандай қосымша жүктеуді қаламасаңыз немесе жаңа қосымша жүктеуге телефоныңыздың сыйымдылығы жетпесе, Android-тың арнайы функциясын қосуға кеңес береміз.

Смартфонды қалай «қоқыстардан» тазартып, жұмысын жеделдетуге болады?

Қосымшаны басқару өте оңай: Оны смартфоныңызға жүктеп, ашқан соң, «Сканерлеу» деген үлкен жасыл тетікті басасыз. Осы уақытта SD Maid жүйедегі уақытша файлдар, қателіктер туралы есептер сияқты Android жұмысына кедергі келтіретін барлық «қоқыстарды» жинап шығады. Оларды тазалау үшін «Қазір жіберу» («Запустить сейчас») батырмасын таңдайсыз.

Айта кетейік, аталған қосымшаның тегін нұсқасы да бар. Оны мына жерден жүктеп алуға болады.

360 Security арқылы смартфонды вирустан қорғау

Android жүйесіне кері әсер ететін вирустар көп емес. Алайда, бар. Демек, антивирус орнату керек.

Google Play-де антивирустың түрі көп. Бірақ, көбінің кейбір функциялары ақылы түрде ғана жұмыс істейді. Ал, 360 Security антивирусының барлық қызметі тегін, қысқартылмаған.



Қосымшада «Жылдамдығын арттыру», «Тазарту», «Антивирус» қызметтері бар. Сондай-ақ, қуат көзін үнемдеуге, қосымшаларға кілт сөздер қоюға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!