Алмадан жасалатын маскалар тізбегі

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі.
Бет терісін сымбатты ету үшін алманың пайдасы зор екен. Назарларыңызға бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз:

✅ 1. Секпілден құтылу үшін алмадан жасалған масканы пайдалануға болады. Ол үшін піскен алманың жартысын алып, қабығынан тазартып, сүйектерін алып тастап, майдалап үгітіңіз. Бір шай қасық балмен, алма сіркесімен, өрік қышқылымен және 2 ас қасық зәйтүн немесе басқа өсімдік майымен араластырыңыз. Толық араласқан соң бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, содан соң суық сумен бетіңізді жуыңыз. Бұл масканы аптасына кем дегенде екі рет жасап тұрыңыз.

✅ 2. Егер бет терісі майлы болса, мынадай маска дайындауға болады: қабығы жоқ алманың жартысын майдалап үгітіңіз. Бір жұмыртқа ағын қосыңыз. Бұл қоспаны көпіршітіп, араластырып, бетіңізге уқалап жағыңыз. 15 минут өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

✅ 3. Ал егер керісінше, бет терісі құрғақ болса: піскен алманы қабығынан тазартып, майдалап үгітіңіз. Оны бір ас қасық қою қаймақпен араластырыңыз. Оны бетіңізге жағып, 15 минут өткен соң жылы сумен жуыңыз.

✅ 4. Бетті ылғалдандыру үшін мына масканың көмегі тиеді: орташалау алманы қабығынан тазартып, майда текше пішінді етіп тураңыз. Оларды аз көлемді сүтке қайнатып, ботқадай болған соң өшіріңіз. Суығанша күте тұрыңыз. Маска жылыған соң бетіңізге жағыңыз. 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!