Сыр жұртшылығы соғыс жылдарында


Сырдың бойынан майдан даласына 150 мыңнан астам адам аттанған екен. Олар ерлікпен шайқасқа түсті. Тіпті, жастық өмірі келтеден қиылған жерлестеріміз де аз болған жоқ. Өкініштісі, сұрапыл соғыстан 30 мыңға жуық қызылордалық жауынгер туған жерге орала алмады. Көзсіз ерлікке барған оларға жат жердің топырағы бұйырды. Майдан жылдарында 20 мыңнан астам жерлесіміз орден-медальдерге ие болды. Басын бәйгеге тігіп ержүректік көрсеткен 22 қызылордалық азамат Кеңес Одағының батыры атанды.

Тұтқиылдан басталған соғыс ел ішін үлкен әбігерге салды. Майдан мен тыл даласы біртұтас болды десек, артық айтқандық емес. Сыр өңіріндегі өнеркәсіп орындары жұмыс ырғағын жандандырды. Алайда, еңбекке жарамды жандардың көбісі әскерге алынды. Осының салдарынан жұмыс қолдарының жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жергілікті басшылық қарап отырған жоқ. Қиындықтан шығудың жолдарын қарастырды. Облыстық партия комитеті осы мақсатта арнайы қаулы қабылдады. Өнеркәсіп орындары, мекемелер мен ұйымдарға әйелдер еңбекке тартылды. Арнайы қысқа мерзімді курстар ашылды. Онда маман жұмысшылар дайындықтан өтті. Игі бастамаға үн қосқан аруларымыз аз болған жоқ. Алғаш рет ұйымдастырылған жүргізушілер курсында 37 нәзік жандылар білім алды. Көп ұзамай 700-ден астам қыз комбайн мен трактор тізгінін ұстады. Еңбек көрігін қыздыра түсті. Олардың көбісінің есімдері елге танылды. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай балдырғандар сырласы


Алтын көпір

Балалар ақыны, балалар жазушысы жүрекке жақын, көңілге қонымды осы бір сөз тіркестері кеңестік кезеңде өмірге келді. Сол тұста балалар әдебиеті “Әдебиет” атты қара шаңырақтан еншісін бөліп алып отау тіккені белгілі. Ал оның қаз басқан қадамының арманды адымға айналуына қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаған Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. Ақын - жазушылар елеулі үлес қосты.

Құнарлы топыраққа түскен түйір тұқым дәл дариясына айналатыны сияқты содан бергі кезеңде қазақ балалар әдебиеті сан - алуан өсуі өркендеу баспалдақтарынан өтті. Сөйтіп, қазақ балаларының сан буыны өздеріне арналған жауһар жырларды оқып, жаттап есейді, тілдік қорын, ой өрісін дамытты. .....
Әңгімелер
Толық

Сая Молдайып | Шаниннің феномені Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл


Нағыз нар туғандар елін өркениет өріне өрістетпек. Бұл – хақ!

Біз сөз еткелі отырған Жұмат Шанин де елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Тарих солай дейді.

Ең ауыр өкініш - қазақтың марқасқа ұлын қилы заман қылышымен қиып түсірді - «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті.

Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы атасының мерейтойына арнайы келген қоғам қайраткері, режиссер, драматург, актер Болат Шанин сұхбат барысында әңгімеледі...

- Атамекенге қош келдіңіз, Болат аға!

Шана әулеті мен Жұмат Тұрғынбайұлының тағдыр-талайы хақында білгіміз келгені көп еді...

- Жұмат атамыз Баянауылдағы Желтаудың бауырындағы Қаратал қыстауында 1892 жылы туған екен. Арғы атамыз Қожамберді деген батыр адам болыпты. Бергі атамыз Шана бес ағайынды екен.

Атамыз дарынымен, алғырлығымен маңайын мойындатқан, өнерпаз адам болған. Шанадан - Тұрғынбай, Тұрғынбайдан - Жұмат пен Әкіш туады.

Шана әулеті өз еңбектерімен күн көрген, тұрмыстары кедей болған. Аз ғана малмен жағдайлары түзелмейтінін білген соң, Шана әулеті басқа кәсіп іздейді.

Сөйтіп олар туған жері Желтауды тастап, Шөптікөлге келеді. Мұндағы жаңа ашылған шахтаға түседі. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл

Міне,биыл алтындай қымбатты,білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебімізге 100 жыл!Бұл-үлкен қуаныш,зор мәртебе!Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады.

Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып,қияға қанат қақтырып келеді.Ал,сол бітіруші түлектер мектеп атына кір келтірмей біразы дерлік жоғары оқу орындарына түсіп,мұғалім берген білімнің еш кетпегендігін көрсетеді.Абай атамыздың мынадай бір сөзі бар: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға».Иә,расымен де ұлағатты ұстаздарымыздың біздерге үйреткен әр нәрсесі көкейде сақталып жемісін беріп жатса,онда бұл ұстаздың оқушылар үшін төккен терінің жемісін береді. .....
Әңгімелер
Толық

Qazaqstan телеарнасының 60 жылдық мерейтойы


Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын.

Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті.Арнайы дайындалған бейнероликті көру арқылы Ұлттық арнаның болашағы анық та айқын екенін білесің. .....
Әңгімелер
Толық

Дидахмет Әшімхан | Ит жылы


Ит мініп ирек қамшылап, итшілеп жүріп, ит жылына да жеттік-ау. Иншалла!

«Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс-несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Өйткені... күту мен үміттен ғана тұратын ит тірліктің соңында жадырап шығар күн, жарқырап жетер бір жақсылық бар шығар. Тек соны итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай ит арқасы қиянда емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім, бар тамаша, бар қазына Қазақстанда деп, ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан бөгде-бөтен аз ба қазір? Мен білсем, олардың тұмсығы иттен иісшіл. Естеріңізде болар, ертеде солар ит жегіп, ит қорлығын көріп, Итжеккен мен Аляскаға да жетті емес пе? Ақыры сонда ителмен, инк, индейіс деген халықтарды атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Ал, «ит тойған жеріне» деп, сол арада қалып қойған бөгделердің көбі кейін жеке-жеке ел болып кетті емес пе? .....
Әңгімелер
Толық

SMM-МАМАН ОҚУ КЕРЕК 12 КІТАП

Білем, сізге мына кітаптар арғы атаңыздан берілген аян ұқсап көрінуі мүмкін. Бірақ, берілген ақпаратты ковышпен жұтуға асықпаңыз. Тек, керегін алып өзіміздің менталитетке қиыстыруымыз дұрыс шешім болады. Сонда ғана жетістікке жетеміз. Ал кеттік, ендеше ТОП-12..
Кеңестер
Толық