Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл

Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл казакша Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл на казахском языке

Міне,биыл алтындай қымбатты,білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебімізге 100 жыл!Бұл-үлкен қуаныш,зор мәртебе!Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады.

Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып,қияға қанат қақтырып келеді.Ал,сол бітіруші түлектер мектеп атына кір келтірмей біразы дерлік жоғары оқу орындарына түсіп,мұғалім берген білімнің еш кетпегендігін көрсетеді.Абай атамыздың мынадай бір сөзі бар: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға».Иә,расымен де ұлағатты ұстаздарымыздың біздерге үйреткен әр нәрсесі көкейде сақталып жемісін беріп жатса,онда бұл ұстаздың оқушылар үшін төккен терінің жемісін береді.

Мен,биыл алтын ұя мектебімнің бітіруші түлегімін. «Тұзын ішіп,тұздығына түкірме» демекші,мектебімді жамандап,оған кір келтірмек емеспін.Себебі,киелі білім ордасы саналатын мектебімді ешқашан жамандамақ ниетім жоқ.Керісінше,осындай мектепте оқығанымды мақтанышпен айтып,үлкен ризашылығымды білдірмекпін. «Тардай болып кіріп,таудай болып шығасың» дегендей ,осынау 11 жыл ішінде кішкентай бүлдіршін болып келіп,қалай ержеткенімізді де білмей қалыппыз!Әйтсе де,осы 11 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,түрлі ғылыми жоба,ақындар мүшәйрасына,олимпиадаларға т.б. іс-шараларға қатысып,жүлделі орындарға иеленіп келемін.Сайф Сараидың мынадай ұлағатты сөзі бар: «Ұстаздың абыройы болмаса-шәкірттері оның сақалымен ойнайды».Сондықтан да,абыройлы ұстаздарымның жетістікке жетуіме себепші болғандығын ескермеске болмас.

Сөз соңында алтын ұя мектебімді мерейлі мерекесі 100 жыл толуына орай,өз шығармашылығымдағы мына бір өлең шумақтарымен қорытындыламақшымын:

Мектеп жайлы жазсам мен бір үзік сыр,

Мектеп деген белесі көп биік шың.

Ең киелі білім орда саналар

Сәуле шашар күннің әсем нұрысың.



Жүрек тулап,өн-бойыңды кернеп шабыт,

Бұл мектепке шәкірт болу үлкен бақыт.

Түлектерің өлең жазса шумақтатып,

Тыңдар оны құштарлықпен дүйім халық.





Шет-шетінен өнерлі өрендерің,

Бұл,әрине мектебім өр еңбегің

Мектеп деген екінші үй,алтын ұя,-

Демеп педі талай ақын,кемеңгерің.



Мерейлі мектебіме-100 жыл міне,

Негізінде білім-теңіз,мектеп-кеме.

Қуанышпен асқақтатып тойласыншы

100 жыл толған мерекеңді дүркірете!



Мен биылғы түлеп ұшар түлегіңмін,

Мектеп сені қимай кейде түнеремін.

Естелік боп қалсын деймін бұл өлеңім

Бітіруші 101-інші түлегіңнің!




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Махамбетәлиева Зере Мерейлі мектебімізге-100 жыл туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Махамбетәлиева Зере Мерейлі мектебімізге-100 жыл на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Махамбетәлиева Зере Мерейлі мектебімізге-100 жыл туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Махамбетәлиева Зере Мерейлі мектебімізге-100 жыл на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты, Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер