9 мамыр: Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....

Құттықтау, тілектер
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Жеңіс күні)

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді......
Өлеңдер
Толық

Жеңіс күні – абырой мерекесі

«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Міне, биылғы жылы Жеңісімізге 71 жыл толмақ. Біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас. Жеңіс күні. Бұл күн адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы құрбан болды. Қазақстандықтар бұл сында қаҺармандық көрсете білді. Соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп өз үлестерін қосқан. Алдыңғы шептен бой тасалау сияқты әдептер қазақтың майданда соғысқан ержүрек ұлдарына мүлдем жат болған. Бұған сол отты жылдарға «Правда» газетінде былай деген: «…Қазақтар майданда қаймықпай батыл соғысады» дей келе Одақтың бас газеті олардың ерлік ісқимылдарына дүркін-дүркін оралып отырған.
Осыдан 71 жыл бұрын бұл күні адамзат тарихы аңсаған жарқын күн, сарыла аңсаған сәт туды. Бұл бақыт Отанын шексіз сүйген, жеңіске сенімді ыстық жүректері лүпілдей соққан кешегі жігіт, бүгінгі айбынды тірек- өнегелі аталарымыздың арқасында келді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы , олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі бейбіт күн жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абырой мерекесі. Ұлы Жеңіске біз ерекше ғажап күшпен жеттік......
Шығармалар
Толық

Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық

Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.....
Шығармалар
Толық

Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние.
Ұлы Отан соғысы.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс күні қуанышты тойлайтын

Кім Отанын шексіз сүйсе қаншама,
Оның тартар азабы да соншама М.Шаханов
Қазақ халқы өзінің басынан талай-талай сұрапыл күндерді өткізген. Елім деп еңіреген ұлдары тәуелсіздік үшін жандарын қиған. Желмаясына мініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды іздеп ел кезсе, еліміздің маңдайына біткен біртуар ұлдары қайтсек халықты білімді, озық етеміз деп түн қатты. А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты маса болып шағып оятса, М.Дулатов «Оян, қазақ!» деген жар салды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» мақсат еткен Сұлтанмахмұт болса, жер-жерден қазақ балалары үшін мектеп ашуды көздеген Ыбырай еді. Отарлау саясаты кезінде қиналған халықтың көз жасын тыям деп, атқа мінген Исатай мен Махамбет болса, азаттық үшін алысқан Тұрар, Әлихан, Амангелді сияқты аталарымыз ел тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етті. Осындай азапты да ауыр күндерді басынан кешкен қазақ халқына екінші дүниежүзілік соғыс та оңай тимеді. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт аралығында халық басына төнген қара бұлтты серпу үшін, асыл азаматтарымыз майданға аттанды. Ол соғыс талай шаңырақты шайқалтты. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы үшін бейбіт те жарқын өмір сыйлаған азаматтарымыздың өшпес ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Ұлы Отан соғысына қаруымен де қаламымен де жауға қарсы аттанған ақын С.Мәуленов:
Мың қолдар сау болсын деп,
- Мен бір қолымды бердім......
Шығармалар
Толық

Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке.......
Шығармалар
Толық

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды;
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық